Биыл шілде айында 20 жұмыс күні мен 11 демалыс күні бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандықтар әдеттегі сенбі мен жексенбіден бөлек 6 шілдеде демалады: бұл күні Астана күні атап өтіледі. Биыл мереке сейсенбіге түсті, бұл қосымша бір демалыс күнін береді, бірақ үкімет үш күн қатарынан демалу үшін жұмыс күнін 5 шілдеден сенбіге, 3 шілдеге ауыстырды.
Осылайша:
- бес күн жұмыс істейтіндер үшін 3 шілде — жұмыс күні, демалыс күндері 4, 5, 6 шілде;
- алты күн жұмыс істейтіндер үшін 3 шілде — жұмыс күні, 4 — демалыс, 5 — жұмыс күні және 6 шілде — демалыс.
Сонымен қатар, шілдеде Құрбан айт мерекесі атап өтіледі, ол 2021 жылы 20 шілде, сейсенбіге келіп тұр. Демек, 20 шілде — демалыс (бес күндік және алты күндік жұмыс апталары үшін).