«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Нағашыбай БАЛМАХАНҰЛЫ: ҰМЫТЫЛМАС ШАҚ

-Алғашқы мақалам аудандық «Знамя Октября» газетінде тоғызыншы класта оқып жүргенде шықты. Мақала «геройы» — алғашқы тың көтеруші — лердің бірі — еңбек сабағынан дәріс беретін қарапайым мектеп мұғалімі болатын. Редакция ұжымында Нұрғали Тастанбаев, Николай Шуликин сияқты аудандық баспасөз ардагерлерінен көп тәлім-тәрбие алдым. Аударманың қыр-сырына да осында қанықтым. Аудандық газеттің редакциясында жұмыс істеп жүргенде «Социалистік Қазақстанның» қоғамдық бекетінің тілшісі болдым. Шилісай фосфорит кенішін игеру қолға алынып, екпінді құрылыс жүріп жатқан кез. Игеруші кеншілер үшін де, құрылысшылар үшін де автожолдың нашарлығы іске үлкен қолбайлау болды. Осы мәселені тілге тиек етіп, «СҚ»-ға корреспонденциямды жолдадым, жарияланды. Оң нәтижесі көп күттірмеді — республика тарапынан қаржы бөлініп, қала мен кенішті жалғайтын тас жол салынды. Шығармашылық қабілеті бар жандарға барынша қолдау көрсетуге тырыстық. Мысалға, дәл осы жылдары победалық автор Николай Лемештің тарихи тақырыпқа жазылған бірнеше шағын повестері газет бетінде жарық көрді. Арада өзім де газет ісіне қаламы жүйрік жастарды тарта жүрдім. Солардың бірі — талантты юморист әрі газетші, жан досым Евгений Егоров болды. Қаламгерлік қарымын бірден танып, депода қарапайым жұмысшы болып жүрген жерінен редакцияға жұмысқа шақырған едім… Орыс басылымында әзіл-сықақ бетін беріп тұрдық. Сол бір жылдар менің газетшілік өмірімдегі өте қызықты, ұмытылмас кез болды десем, артық болмас. Сондай арынды шақта асау толқын жалынан көрінгенім — ол да бір бақыт.

 

Ұқсас ақпараттар

Смағұл ҚҰДАБАЕВ: ФОТОСУРЕТ — ГАЗЕТТІҢ КӨРКЕМДЕУШІ ҚҰРАЛЫ

admin_mugalzhar

ПУСТЬ БУДЕТ ТЕПЛОЙ ОСЕНЬ ЖИЗНИ

admin_mugalzhar

СПАСАТЬ ЛЮДЕЙ – ЭТО НЕ ГЕРОИЗМ, А ИХ РАБОТА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.