БҰЛ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ДАМЫТУ, ОЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ МАҚСАТЫНДА 2 КЕЗЕҢ БОЙЫНША БУТКАМП БАСТАУ АЛДЫ.
Жоба Жастар ресурстық орталығы арқылы іске асырылуда. Мамыр айының 17-23 аралығында «Өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту» бойынша 7 күндік тренингтің 1- кезеңі өткізілді. Аудан бойынша Ақкемер ауылдық округі мектебінен 30 оқушы, Қандыағаш қалалық №2 ЖББОМнен 30 оқушы және Жастар ресурстық орталығынан 30 адам қатысты. Жалпы саны 90 адамды қамтитын тренингтің 2-кезеңі 29 маусымнан 3 шілдеге дейін жалғасады. Жобаның мақсаты — жасөспірімдер мен жастарды оқыту және лайықты жұмыс жасау, топтық жұмыс, креативті ойлауға үйрету, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Ә.ӨМІРТАЕВ