«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды

Бірыңғай порталда аспаздық, косметика, заң, құрылыс, IT, SMM салалары бойынша курстар ұсынылады

Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы – skills.enbek.kz іске қосылды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты.

Жоба еңбек министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ бастамасымен ашылды.

Портал – маркетплейс (қызметтер нарығы) қағидаты бойынша онлайн курстарға қолжетімділікті ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық баламасы. Ол қазақстандықтардың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыру, мансаптық дамуын ынталандыру және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында құрылды.

Қазірдің өзінде онлайн курстардың 70 авторы азаматтарға өз оқыту бағдарламаларын ұсынуға дайын. Бірыңғай порталда тегін және ақылы курстар бар, деп нақтылады министрліктің баспасөз қызметі.

Сайтта аспаздық және кулинария, косметика, заң және бухгалтерлік қызметтер, құрылыс, қонақүй және мейрамхана ісі, іс жүргізу, IT, SMM салалары бойынша курстар ұсынылады.

Курстан өту үшін https://skills.enbek.kz/ сайтына кіру немесе enbek.kz электронды еңбек биржасында «Онлайн оқытуды» таңдау қажет.

Курстардың авторлары –  қазақстандық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, соның ішінде оқу орталықтары, білім беру ұйымдары.

Жаңа бастаған авторлар үшін порталда онлайн курстарды құру бойынша әдістемелік ұсынымдар мен оларға қойылатын талаптар орналастырылған.

sputnik.kz

Ұқсас ақпараттар

Есепшот ашу мәселесі. Еңбек министрі банктерге үндеу жасады

admin_mugalzhar

2022 жылы 6,7 млн қазақстандықтың табысы өседі

admin_mugalzhar

42500 теңгелік төлем қателесіп аударылса қалай қайтару керек?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.