«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Түркістаннан Талдықорғанға және Ақтөбеге рейстер ашылады

Қазақстанда субсидияланатын әуебағыттар бойынша рейстер саны ұлғайтылды және жаңа бағыттар ашылды, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ-нің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Шара көліктік қолжетімділкті арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында жүзеге асырылады.

Түркістан қаласының әуежайынан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс аясында Ақтөбе (тарифі 20 000 теңге) және Талдықорған (16000 теңге) қалаларына тұрақты рейстерді әр бағытта 2 рейс жиілігімен ашу жоспарланған. Рейстер «CRJ2» және «Б-737» әуе кемелерінде орындалатын болады.

Сондай-ақ, «SCAT» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан — Талдықорған бағытында субсидияланатын рейс ашылады деп күтіледі. Рейстер «Б-737» әуе кемелерінде орындалатын болады.

Ұқсас ақпараттар

Қысқы Олимпиада-2026: Дүбірлі доданы қайдан тамашалаймыз?

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРДАҒЫ АБАЙ: БІЗ АҚЫНДЫ ҚАЛАЙ ҰЛЫҚТАП ЖҮРМІЗ?

admin_mugalzhar

«Заң және Тәртіп» қағидаты маңызды жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді – сауалнама

admin_mugalzhar