«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ 25 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ ДАУЫС БЕРДІ

Жергілікті уақыт 20.00-де ауыл әкімдері сайлауының алдын ала қорытындысы шығарылды. «Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ерәділ Үббіниязовтың мәлімдеуінше, облыстың 25 308 тұрғыны дауыс беріп, өз таңдауын жасаған.
— Сайлау өтіп жатқан барлық учаскелерде бүгін 480 бақылаушы өз жұмысын тиісті деңгейде атқарды. Бақылаушылардың барлығы сайлау талаптары мен өз құқықтарын жақсы біледі. Олар бұл бойынша алдын-ала оқытылды. Сайлау ашық әрі әділ өтті. Бұған дейін де айтқан болатынмын, бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан өзгерек. Өйткені, ауыл әкімдерін сайлау елімізде алғаш рет өткізіліп отыр.
Жалпы, ауыл әкімдері қызметінің тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Ауыл әкімдері жергілікті бюджетті бөлудің жекелеген мәселелері бойынша басқарушылық қана емес, қаржылық дербестікке де ие болады. Ал бұл өз кезегінде әкімдердің ауылды дамытуға қатысты бір қатар өмірлік маңызы бар мәселелер бойынша шешімдер қабылдаудағы қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, — деді сайлаудың маңызына тоқталған Ерәділ Үббіниязов.
А. МӘЛІКҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Ақсуға ауызсу кірді

admin_mugalzhar

Қазақстанда 100 жастан асқан 423 адам бар

admin_mugalzhar

АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНКУРС ӨТЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.