«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ескі спорт алаңдарын жөндеу жұмыстары жанданады

Бұқаралық спорт

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында өңірдегі бұқаралық спортты дамытудың өзекті мәселелері қаралды, — деп хабарлайды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров аталған салада атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар туралы баяндады. Жыл сайын өңірде 3500-ге жуық түрлі деңгейдегі спорттық-бұқаралық шаралар өткізіледі. Оған қатысқан 400 мың адамның 170 мыңы ауылдық жерлерден.

2022-2023 оқу жылында қосымша білім беру бағдарламасы бойынша мектептерде 2,8 мыңға жуық спорт секциясы жұмыс істеген, оларға 84 мыңнан астам бала қатысыпты.

Сонымен қатар спорт саласында тиімді шешімді талап ететін көптеген мәселе бар. Спорттық инфрақұрылым объектілерінің жетіспеушілігі проблемасын шешу мақсатында 2023 жылы облыста 15 денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып, пайдалануға берілді, оның 13-і ауылдық жерлерде орналасқан.

— Көп жұмыс істелді. Спорт алаңдары, жергілікті жерлерде денешынықтыру-сауықтыру кешендері ашылуда, бұл жұмысты жүйелі жалғастыру қажет. Спорт басқармасына жаңа нысандардың құрылысы туралы толық ақпаратты қамтитын Жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептердің аумағында, көп қабатты үйлердің аулаларында орналасқан спорт алаңдарының 80 пайызы жөндеуді қажет етеді. Спорт, білім басқармалары, жаңадан құрылып жатқан жастар басқармасы және басқа да жауапты мемлекеттік органдар осы бағыттағы жұмысты жандандыруы қажет,—деді Асхат Шахаров.

Жиын соңында облыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, кемшіліктерді жою мерзімін белгіледі.

Ұқсас ақпараттар

Исключить бумажные справки планируют в Казахстане в 2021 году

admin_mugalzhar

ОСК мүшелері еліміздің 20 өңіріндегі сайлауға дайындық барысын тексеріп шығады

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.