«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

99,3 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ШЫҒАРЫЛҒАН

Биыл алты айда елдің фармацевтикалық компаниялары 99,3 миллиард теңгеге дәрідәрмек шығарды. Оның тең жартысына жуығы Қарағанды облысының үлесінде. Шымкенттегі зауыттар 22 жарым миллиардқа, Алматы облысында 18, Алматы қаласында 13,4 миллиардқамедициналық препарат жасады. Жалпы алғанда елде өндіріс 31 процентке көбейген. Сәйкесінше импорттың үлесі бір жылда 22 процентке кеміді.

Шет елден жеткізілетін дәрі-дәрмектің 42 проценті ТМД елдерінен, оның ішінде Ресей, Украина және Беларусьтен импортталады. Қалғаны Қытай, Үндістан, Польша, Германия және Франция сынды елдерден әкелінеді. Нарықта импорт азайып, отандық өнім көбейгенімен баға арзандамады. Керісінше алты айда 4,8 процентке қымбаттаған. Әсіресе Маңғыстау облысында шарықтап кетті. Мұнда медициналық препараттардың бағасы 18 процентке қымбаттаған. Елордада 11, Ақмола облысында 10 процентке көтеріліпті.

 

Ұқсас ақпараттар

Соңғы 3 жылда 187 бала өрт құрбанына айналған

admin_mugalzhar

Қазақстанда 352 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

admin_mugalzhar

АТҚАРЫЛҒАН ІС ТЕ КӨП, АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТ ТА АЗ ЕМЕС

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.