«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУРУХАНАДА 41 НАУҚАС ЕМ ҚАБЫЛДАУДА

АУДАНДА ӨТКЕН АПТАДА КОРОНАВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ 85 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ. АЛ COVID-19 БЕЛГІЛЕРІ БАР ПНЕВМОНИЯМЕН 6 АДАМ СЫРҚАТТАНЫП ҚАЛҒАН.

Ауданның бас санитариялық дәрігері Болатбек Шағалбаев ауданда эпидахуалдың күрделеніп, аурушаңдықтың өршіп бара жатқанын жеткізді. Бүгінгі таңда Мұғалжар ауданы бойынша инфекциялық бөлімдерде коронавирусты инфекциясы диагнозымен 30 науқас, коронавирусты пневмония диагнозымен 11 науқас ем қабылдап жатыр. Оның төртеуінің жағдайы ауыр. Үшеу өкпені жасанды жолмен желдету аппаратында жатыр. Қазірде үй карантинінде қоңырау шалу арқылы 397 адам медициналық бақылауда. Олардың 108-і клиникалық белгілері жоқ науқастар, 289-ы жақын қарым-қатынаста болғандар. Індет басталғалы аудан бойынша 651 адам коронавирусты инфекциясын жұқтырған. Оның 76,6% жазылып шыққан.

— Екпе жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Вакцинация — дұрыс шешім. Коронавирус инфекциясы ағзаны әлсіретіп, адамның көптеген дене мүшесін зақымдайды. Созылмалы аурулар асқынады. Осы тұсын ескеріп, ауырмаудың жолын таңдағанымыз жөн. Тұрғындардың белгілі пайызы екпе қабылдаса, ұжымдық иммунитетіміз қалыптасып, ауруды жеңіп шыға аламыз. Қауіп сейілген жоқ, сондықтан баршаңызды бетперде тағуға, қолды жиі жуып, антисептиктерді пайдалануға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамын, — деді Болатбек Шағалбаев.

Жүкті, бала емізетін, тұрақты түрдегі медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар, соңғы 3 ай мерзімде коронавируспен ауырғандар вакцина алудан босатылады.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ МӘН-ЖАЙЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin_mugalzhar

Жолдау жүктеген міндеттер көп

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар өз аттарында несие бар-жоғын қалай тексере алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.