ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.
Құжатта бірқатар жаңа терминдер қарастырылған. Атап айтқанда, жастармен жұмыс жөніндегі маман деген термин енгізіледі.
Жастармен жұмыс жөніндегі маман – жастардың жеке және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын, мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар маман.
Сондай-ақ жастардың даму индексі термині қолданысқа түседі, ол – білім беру, денсаулық және амандық, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт, қауіпсіздік сияқты жеті негізгі бағыт бойынша іске асырылатын мемлекеттік жастар саясатын және жастардың даму деңгейін талдауға арналған жиынтық индекс;
Одан бөлекжастарға арналған әлеуметтік қызметтерпайда болады, яғни тұрғылықты жері бойынша жастардың бос уақытын ұйымдастыру, жастардың кәсіпкерлік қызметін қолдау және дамыту, жастардың өзін-өзі басқаруы және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша қызметтер көрсететін заңды тұлғалар.
NEET санатындағы жастар деген де ерекше термин пайда болады. NEET – жұмыс істемейтін, білім алу немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын және білім беру жүйесі мен жұмыспен қамту саласынан тыс жастардың бөлігі.
Бұл санатқа кіретін жастар: үй шаруашылығын жүргізумен айналысатын еңбек тәжірибесі жоқтар (жас аналар, жалғызбасты жас аналар), мүгедектігі бар адамдар, тәуелсіз жұмыскерлер (фрилансерлер, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар), жұмыс іздемейтін және оқу оқымайтын, сонымен қатар басқа да міндеттемелер немесе денсаулық жағдайына байланысты шектеулермен ауыртпалық жүктелмеген белсенді емес жастар, білім алуды тоқтатқан жастар, белсенді жұмыс іздеп жүрген немесе оқуға түскісі келетін жастар, бірақ олар өз дағдылары мен мәртебесіне сәйкес келеді деп санайтын бос орындарға немесе мүмкіндіктерге ғана бағдарланған, мектептен кейін оқуды жалғастырғысы келетін, бірақ оған мүмкіндігі жоқ аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, бейәлеуметтік жастар тобы – бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар, есірткі мен ішімдікке тәуелді жастар. Осылайша, мұндай жастармен жұмысты заңнамалық түрде күшейту мақсатында, аталған терминді ұғымдық аппаратта бекіту ұсынылады, делінген құжатта.
Сондайақ Қазақстан Республикасында Жастардың даму индексі пайда болады.
Экономика, білім беру және еңбек нарығының қазіргі жаһандану жағдайында жастар арасындағы үрдістерді халықаралық және ұлттық деңгейде талдау ұзақ мерзімді Жастар стратегиясы үшін негіздер әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда жастар дамуының халықаралық индексі (Global Youth Development Index, YDI) маңызды көрсеткіш болып табылады, делінген мұның түсініктемесінде.