«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАЛАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Қандыағаш қаласының «Жастық» мөлтек ауданы №1,4 және «Ж.Жабаев» көшесі №74,75 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары басталды.
Құрылыс жұмыстары барысын аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қарап, Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратовқа жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапалылығын қатаң бақылауды тапсырды.

Аталған үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарын «ИКАС» ЖШС-і жүргізуде.
Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары аясында мердігер мекеме аумақтарды тегістеу және тазалау, абаттандыру, жолдарды, автотұрақтармен тротуарларды асфальтпен жабу, балалар ойын алаңдарын орналастыру жұмыстарын жүргізетін болады.

«Жастық» мөлтек ауданы №1,4 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары ауыспалы кезеңмен келесі жылы аяқталатын болады. Ал «Ж.Жабаев» көшесі №74,75 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме басшылығына құрылыс жұмыстарын сапалы орындап, белгіленген уақытта аяқтауды ескертті. Сонымен қатар аудан әкімі С.Сейфуллин көшесі бойында салынып жатқан саябақтың құрылыс жұмыстарын қарады.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНЕ ҚҰРМЕТІМ ШЕКСІЗ!

admin_mugalzhar

Мемқызметте басшы лауазымдағы әйелдердің үлесі 40 пайызды құрайды

admin_mugalzhar

БОСАНҒАН ӘЙЕЛДІҢ ҚАЛЖАСЫН ДАЙЫНДАЙТЫН КҮТУШІЛЕР КӨБЕЙДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.