«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Олимпиада-2020: Сәкен Бибосынов жартылай финалда жеңіліп, қола медаль алды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

52 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Сәкен Бибосынов жартылай финалда ұлыбританиялық Джалал Яфаймен жұдырықтасты. Бірінші раундта Бибосынов нокдаун алып, қарсыласы басым болды. Дегенмен кейінгі раундтарда қазақстандық боксшы белсенді болды. Бірақ төрешілер жеңісті 3:2 есебімен ұлыбританиялыққа берді.

Бұған дейін Бибосынов ширек финалда Испания боксшысы Габриэль Эскобарды жарыс жолынан шығарған. Ал 1/8 финалда француз Билал Беннамды сенімді жеңген. Алғашқы кезеңде Пуэрто-Рико өкілі Янкель Ривера Фигероамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түскен еді.

24 жастағы Бибосынов — 2019 жылғы әлем чемпионаты мен 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола медаль иеленген болатын.

Осылайша, қазір Қазақстан қоржынында бес медаль бар. Қоңқабаевтан бөлек, дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.

Ұқсас ақпараттар

Ажалың мен бейнетің 700 теңге

admin_mugalzhar

Медғат ЕШНИЯЗОВ: ӘРБІР ЖАС ӨЗ ЕЛІНІҢ ДАМУЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТУІ КЕРЕК

admin_mugalzhar

ЖЕМ КӨШЕЛЕРІНЕ 117 ЖАРЫҚШАМ ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.