«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМДЫ МЕҢГЕРМЕК

Орталық кітапханада 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай, «Ғылым білімге қонады» атты мерекелік шара өтті.

Кітапханаша Амангүл Қарашбаева ұйымдастырған шараға Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін №4,5 орта мектептерінің мұғалімдері Айкөркем Ербөлекова мен Венера Алданова ғылымға құштар оқушыларын алып келді.

Болашақ ғалым болғысы келетін балалар өздерін қызықтыратын түрлі салабойыншазерттеп жүрген тақырыптарын кеш қонақтарына ұсынды. Оқушылардың бірі аудан аумағындағытарихиескерткіштерді зерттесе, екіншісі ауданныңэкологиялықжағдайына алаңдаулы. Ал үшіншілері туризмді дамытып, шетелдіктердіелгетартуға ынталы. Тіпті физика ғылымының да зерделенбеген тұстарын зерттеуді мақсат еткен оқушылар да бар. Олар өз жобаларын таныстырып қана қоймай, жоғары деңгейде қорғап, ұсыныстарын айтты.

Шара соңында сөз алған аудандық орталық кітапхана директорының орынбасары Талғат Қойшекенов ғылымды меңгеруге құштар оқушылардың қатары көп екеніне риза болып, болашақ елдің дамуы мен тағдыры жастар екенін айтып, оқушыларын ғылымға бағыттап жүрген мұғалімдерге алғысын айтып, сыйлық табыстады.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңына сәйкес Кандыағаш қаласының әкімі лауазымына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін газет бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы

admin_mugalzhar

Қазақстанда ұшақ билеті қымбаттаған

admin_mugalzhar

Халық санағы кезінде адамға 91 сұрақ қойылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.