«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ЖЕМ ЖЫЛУ» ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАП КЕТТІ

ЖЕМ ҚАЛАСЫН ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН «ЖЕМЖЫЛУ» МЕКЕМЕСІНІҢ МАМАНДАРЫ БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА «ЖЫЛУ МӘСЕЛЕСІНІҢ» БОЛМАЙТЫНЫН ЖЕТКІЗДІ. БҮГІНДЕ ЖЫЛЫТУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ МЕН ЖЫЛУ ТАРАТАТЫН ҚҰБЫРЛАРҒА АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

«Жемжылу» мекемесінде жылыту қазандығының жалпы саны үшеу. Мекемеде тәжірибелі 12 оператор жұмыс жасайды. №1 жылу қазандығынан қаладағы орта мектеп, әкімшілік ғимарат және №5, 6, 10, 11, 12, 54, 55, 56 көпқабатты тұрғын үйлер жылу алады. Ал №2 жылу қазандығы «Аула клубына», қалалық амбулаторияға, №42, 575, 505 көпқабатты тұрғын үйлерге жылу таратады. Мәдениет үйін, балабақшаны, №42 көпқабатты тұрғын үйді №3 жылу қазандығы жылумен қамтамасыз етеді.

— Жем қаласы жылыту маусымына дайын. Қыс айларында жылудан мәселе туындамайды деген сенімдеміз. Жылу құбырлары тексеріліп, ақаулары қалыпқа келтірілуде. Қыркүйек айында толығымен аяқталады деп күтіп отырмыз. №1, 2 жылу қазандықтары толығымен жөнделді. №3 жылу қазандығын жөндеп жатыр. Бүгінде монометр мен есептегіш құралдарды тексерістен өткізу үшін тиісті мекемелермен келісім-шарт жасалды. Енді Ақтөбе қаласына апарып тексерістен өткіземіз, — деді Жем қаласының әкімі Жұматай Бисенов.

Н.ТІЛЕП

 

Ұқсас ақпараттар

Тегеранда құлаған Украина ұшағындағы жолаушылардың барлығы мерт болды

admin_mugalzhar

Ресейде қар мен жауыннан мыңдаған адам жарықсыз қалды

admin_mugalzhar

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында ит пен мысық етін жеуге тыйым салынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.