«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еңбектің берекелі жемісі

Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында, Ақтөбе облысындағы жалпы білім беретін мектеп басшылары арасында өткен кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы бойынша Мұғалжар ауданындағы Жаңажол орта мектебінің директоры Мейрамбек Боқашев «Білім беру саласының көшбасшысы» атанды.

Мұғалжар ауданының білім саласы үшін биылғы жылы жемісті болды. Енді міне облыстағы жалпы білім беру мекемелерінің арасында өткен байқауда тағы да көш бастады. Ауданның абыройын көтерген Жаңажол орта мектебінің директоры Мейрамбек Боқашевтың айтуынша,  бұл жетістік аудан үшін ортақ.

-Байқаудың бірнеше күрделі талаптары болды. Мұның барлығына аудандық білім бөлімі және мектеп ұжымымызбен әзірлендік. Талапқа сәйкес, барлық материалдар жинақтап тапсырдық. Нәтижесі жаман болмады. Сондықтан, бұл жерде тек менің ғана еңбегім емес, осы ауданның білім саласын ілгері сүйреп келе жатқан барлық ұжымның ортақ жеңісі деп білемін, — дейді ол.

Өткен жылы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұрын қызмет еткен ұстаздардың есімдері мектеп кабинеттеріне берілсін және олардың ұрпақтары сол кабинетке демеушілік көрсетуге жұмылдырылуы қажет деген бастама көтерген-ді. Өңір басшысының бұл бастамасына сәйкес, Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Әлімжан Қорғанбай нақтыланған тапсырмалар беріп, сол тапсырма бойынша Мейрамбек Боқашев кабинетке атау беру жобасын алғаш болып жүзеге асырған болатын.  Ол кезде Мейрамбек Маратұлы Саға негізгі мектебінің директоры қызметін атқарды. Кейін бұл жобаны Жаңажол орта мектебінде де қолға алып, біліктік басшы, шебер үйлестіруші ретінде көзге көрінді. Байқау қорытындысында оның бұл істері ерекше назарға алынып, «Білім беру саласының көшбасшысы» атағын Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолынан алуға себеп болды. Сонымен қатар, ол облыс әкімінің 100 мың теңге көлеміндегі сыйлығымен марапатталды.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

9588 оқушы қашықтықтан оқиды

admin_mugalzhar

Футзалдан Қазақстан құрамасы ФИФА-дан арнайы жүлде алды

admin_mugalzhar

«Борышкер»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.