«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Токиодағы Олимпиада ойындары тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушы комитетінің бас директоры Тосиро Муто егер жағдай ушықса, дүбірлі дода кейінге қалдырылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Егер спортшылар арасында коронавирус өршіп кетсе, онда ұйымдастырушылар шұғыл түрде кеңес өткізіп, Олимпиада ойындарын кейінге шегеру қарастырылмақ.

«Біз қанша адам коронавирус жұқтыратынын болжай алмаймыз. Егер жағдай қиындап кетсе, не істеу керектігі жайлы ойланамыз», — деді Олимпиада ойындарының өкілі.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, спортшылар арасында 68 адам коронавирусқа шалдыққан.

Бұған дейін Жапония тек 26 сайыс көрермен қатысуымен өтетінін хабарлаған еді. Қалған 724 жарыс ойындарына тек спортшылар қатысады. Ал 12 шілде 22 тамызға дейін Токиода төтенше жағдай режимі енгізіледі.

Айта кетсек, Токиодағы Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылға қалдырылған еді.

Ұқсас ақпараттар

Донбаста жарылған «Боинг» ұшағы бойынша айыптау қорытындысы жарияланды

admin_mugalzhar

Франция мен Италия коронавирустың тәуліктік өсімі жағынан антирекордты қайта жаңартты

admin_mugalzhar

ЖАМАҒАТ МЕШІТКЕ БАРАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.