«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әкім: Ақтөбе облысында 2163 адам деструктивті діни ағымда жүр

21 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық әкімдігінде терроризммен күрес комиссиясы мен діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің кезектен тыс жиыны өтті. Жиында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыста деструктивті діни ағымды ұстанатын 2163 адам бар екенін айтты. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің жеткізген ақпарына сілтема жасап, Mugalzhar.kz хабарлайды.

— Деструктивті діни ағым жетегінде жүргендермен жұмыс жөнге қойылды, алайда оны күшейту керек. Оларды оңалту шараларын әсіресе, Ақтөбе қаласында, Темір, Алға, Шалқар мен Байғанин аудандарында жандандыру керек, — деді Бердібек Сапарбаев.

Жиын кезінде терроризммен күрес комиссиясы 2017 жылы атқарған жұмысын қортындылады. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов жыл бойы деструктивті діни ағым жетегінде жүргендермен 1300-ден астам жеке кездесу ұйымдастырылғанын айтты.

Қалмағанбетовтің сөзінен қарағанда, теологтар мен имамдар биылдыққа деструктивті діни ағым жетегінде жүрген 332 адамды «райынан қайтарған», яғни, «дәстүрлі исламға өткізген». «Райынан қайтқандар» қатарында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 26 адам бар.

Облыстық әкімдікте өткен терроризммен күрес комиссиясының жиынына журналистер шақырылған жоқ.

Ұқсас ақпараттар

Білім министрі: Қазақстанда 2 млн 600 мың оқушы қашықтан оқитын болады

admin_mugalzhar

2022 жылы әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 93 пайызы электронды болады

admin_mugalzhar

Тоқаев Жамбыл облысының бірнеше шенеунігін қызметінен босатуды тапсырды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.