«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мас жүргізуші адам қағып кетті

Қандыағаш қаласында көлікті ішімдік ішкен күйінде басқарған жүргізуші 63 жастағы әйел адамды қағып, мерт қылды.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қаңтардың 9-ы күні, жергілікті уақыт сағат 18.50 шамасында Интернациональный көшесінде орын алған. Көлік астына түсіп қалған егде жастағы әйел адам оқиға орнында көз жұмған. Ал темір тұлпарды тізгіндеген 35 жастағы көлік жүргізушісінің ішімдік ішкендігі анықталды. Қазіргі таңда, бұл мәселеге қатысты қылмыстық іс қозғалып, кінәлі азамат уақытша қамауға алынды. Ішімдік ішіп көлік басқарып, сондай-ақ, адам қағып кеткені үшін енді ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

 

Ұқсас ақпараттар

Футбол: Бүгін Еуропа біріншілігі басталады

admin_mugalzhar

admin_mugalzhar

Сессияда 9 мәселе қаралды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.