«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ҚАНДАЙ ФОРМАТТА ӨТЕДІ?

КАТАРДАҒЫ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 20 ҚАРАШАДА БАСТАЛЫП, 18 ЖЕЛТОҚСАНДА АЯҚТАЛАДЫ.

32 команда алдымен сегіз топқа бөлініп, топтық кезеңде ойнайды. Әр топтан үздік шыққан екі команда 1/8 финалға өтеді. Одан әрі чемпионат олимпиадалық жүйе арқылы өрбиді. 1/8 финалда қарсыласын жеңген сегіз команда ширек финалға өтеді. Ширек финалда қарсыласын ұтқан төрт құрама жартылай финалда ойнайды. Жартылай финалда қарсыласынан басым түскен екі ел финалға шығады. Финал жеңімпазы әлем чемпионы атанады. Жартылай финалда жеңілген екі команда қола медальды сарапқа салады.

Алғашқы матч 2022 жылдың 21 қарашасында өтеді деп жоспарланған. Кездесу Әл-Хаур «Әл Бейт» стадионында болады. Топтық кезең матчтары 2 желтоқсанға дейін созылады. Плей-офф күнтізбесі мынадай:1/8 финал 3-6 желтоқсанда; Ширек финалдар 9-10 желтоқсанда; Жартылай финалдар 13-14 желтоқсанда; 3 орын үшін жарыс 17 желтоқсанда; Финал 18 желтоқсан күні Лусаил қаласындағы 80 мың көрермен сыятын стадионда өтеді.

2022 жылғы әлем чемпионатын қыста өтетін алғашқы турнир болмақ Футболдан 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионаты қыста өтетін болды. Бұл туралы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) ресми сайты хабарлап отыр. Төрткүл дүние көз тігетін дүбірлі доп додасы қараша мен желтоқсан айларында өтетін болды. Әдетте, әлем чемпионаты жаз мезгілінде өтетіні баршаңызға белгілі. Бірақ, Катарда жаз мезгілі тым қатты ыстық болады. Тіпті Арабия түбегінің шығысында орналасқан елде ауа температурасы жаз мезгілінде +50 градусқа дейін жетеді. Мұндай аптап ыстық әлем чемпионаты барысында футболшылардың денсаулығына қауіп төндіреді дейді мамандар.

Сондықтан да ФИФА басшылары 2022 жылғы біріншілігін қысқа өткізу туралы тоқтамға келіпті. Ал финалы 18 желтоқсанға жоспарланған. Бір қызығы, әлем чемпионатының өту мерзімі де аз болайын деп тұр. 28 күнге созылатын әлем чемпионаты «мундиаль» тарихындағы қысқа мерзімде өткен алғашқы дода болмақ. Матчтар бес қалада өтеді — Доха, Ар-Райян, Лусаил, Әл-Хаур және Әл-Вакра. Осы бес қалада әлем чемпионаты үшін арнайы 8 стадион салынған. Бұл араб елінде өтетін алғашқы әлем чемпионаты болады. Әлем чемпионаты неге қыста өтеді? Бұған себеп — Катардағы ауа райы. Катардың климаты тропикалық, яғни аптап мен ауа температурасы жоғары болады. Жазда ауа температурасы 50 градусқа дейін жетеді. Ал қарашада елде орташа температура 25,4 градус, желтоқсанда 20,8 градус болады. Жалпы, Катарда желтоқсан мен қаңтар — елдегі ең салқын айлар. Катардағы барлық стадионның төбесі ашылып-жабылады және кондиционер орнатылған.

Әлем чемпионатына кімдер қатысады? Катардағы додаға 32 команда қатысады. Биыл 1 сәуірде негізгі кезеңнің жеребесі тартылды. Катар әлем чемпионатының қожайыны ретінде автоматты түрде жолдама алды. Қалғандары іріктеуден өтті. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы іріктеуден өте алмай қалған болатын.

Топтар мынадай:

A тобы: Катар, Эквадор, Сенегал, Нидерланды.

B тобы: Англия, Иран, АҚШ, Уэльс.

C тобы: Аргентина, Сауд Арабиясы, Мексика, Польша.

D тобы: Франция, Аустралия, Дания, Тунис.

E тобы: Испания, Коста-Рика, Германия, Жапония.

F тобы: Бельгия, Канада, Марокко, Хорватия.

G тобы: Бразилия, Сербия, Швейцария, Камерун.

H тобы: Португалия, Гана, Уругвай, Оңтүстік Корея.

Әлем чемпионатының символдары Катардағы әлем чемпионатының логотипі «8» белгісіне ұқсас және ақ түсті сақина секілді жасалған. Сегіз саны — турнирді қабылдайтын стадиондар саны. Сонымен қатар, шексіздік белгісін білдіреді. «Әлем чемпионатының логотипі бұл турнирдің аймақтағы адамдардың тағдырына ұзақ мерзімді әсерін көрсетеді. Сонымен қатар, эмблеманың үстіңгі бөлігі жеңімпазға берілетін басты кубоктың пішініне ұқсайды», — деді 2022 жылғы әлем чемпионатының ұйымдастыру комитеттің өкілдері.

Ал ресми доптың атауы — Al Rihla, араб тілінен аударғанда «саяхат» дегенді білдіреді. Adidas компаниясы өкілінің айтуынша, бұл «бүгінге дейінгі ең жылдам және ең дәл доп» саналады. Бұл әсерге жету үшін доп CTR-Core технологиясы арқылы жасалды — бұл снарядтың ішіндегі дәлдік пен тепе-теңдікті жақсартатын шағын ядро. Әлем чемпионатының маскоты Лаиб дейтін ұшатын кілем. Бір қызығы, араб тілінен аударғанда «өте жақсы ойыншы» дегенді білдіреді. Ол сондай-ақ араб

елдеріндегі дәстүрлі баскиім — куфиеге ұқсайды. Лаибты жасағандардың айтуынша, ол «суреттеуге келмейтін маскоттардың параллель әлемінен» келген. Ол — іскер, көңілді және білімпаз. Катар футболдан өтетін әлем чемпионатына 208 млрд еуро жұмсап, әлемдік доданы өткізу бойынша тарихи рекорд жасады. «The Sun» басылымының хабарлауынша, Катар елі 2022 жылғы әлем чемпионатына қазірдің өзінде шамамен 208 млрд еуро жұмсаған. Бұл 2018 жылғы әлем чемпионатынан 17 есе көп. Ресейде өткен турнирге 11,6 млрд фунт (шамамен 13 млрд еуро) жұмсалған. Бразилия 2014 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізуге 15 млрд фунт стерлинг (шамамен 17 млрд еуро), 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасы 3,6 млрд фунт (шамамен 4 млрд еуро) қаржы жұмсаған.

2022 ЖЫЛҒЫ ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ҚАЗАҚСТАНДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ 2022 ЖЫЛҒЫ 20 ҚАРАШАДАН 18 ЖЕЛТОҚСАН АРАЛЫҒЫНДА ДЕЙІН КАТАРДА ӨТЕТІН, ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ МАТЧТАРЫН ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ КӨРСЕТУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ.

Қазақстандық футбол әуесқойлары чемпионат матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport»телеарналарында тікелей эфирде көре алады. Сонымен қатар, qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайттарда тікелей онлайн трансляциясы өтеді, сондай-ақ, «Qazaqstan.tv»мобильді қосымшасы арқылы да көруге болады. XXII әлем біріншілігі Катардың 5 қаласының 8 стадионында өтеді. Футбол жанкүйерлері үшін арналар матч басталар алдында арнайы спорттық шығарылымдар дайындалды. Бағдарламалар бір ай бойы тікелей эфирде көрсетілуде. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының түсірілім тобы Катар стадиондарынан тікелей қосылуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Әлем чемпионаты кезінде «Қазақстан» корпорациясының әлеуметтік желілерінің парақшаларында жанкүйерлер арасында футбол атрибуттары ойнатылады.

Ақпарат интернет сайттарынан алынды

Ұқсас ақпараттар

БАҚ қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасымен шетелде тағылымдамадан өте алады

admin_mugalzhar

ҚҰМСАЙ АУЫЛЫНА ТЕЛЕМҰНАРА ОРНАТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар кестесінде көш бастады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.