Алда межелі міндет көп

10470 0

Кеше Мұғалжар ауданында Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында Ақтөбе облыстық ақпараттық-насихат тобы жергілікті тұрғындармен кездесті.

Аудан әкімі Ербол Данағұловтың төрағалығымен өткен жиында облыстық ақпараттық-насихат тобының өкілдері Елбасы Жолдауының маңызды міндеттерін тарқатып түсіндірді.  Жолдауда аса маңыз берілген негізгі басымдықтың бірі, ол — үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт болуға бейімделу. Осы орайда, алдағы уақытта жаңа технологиялардың даму деңгейі артатындығына байланысты көпшілікке медициналық қызмет көрсетуде сұраныс көлемі өседі деп күтілуде. Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мамбетжанова мәлімдеді. Оның айтуынша, Елбасының биылғы Жолдауында көрсетілген денсаулық сақтау мәселесіндегі негізгі міндет – жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау және оны нығайтуға ерекше назар аудару. Осы міндеттеменің төңірегінде бүгінде облыста іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тағы бір міндет – қазірде жастар арасында кеңінен кездесетін онкологиялық ауруларды төмендету. Бүгінде онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы облыс әкім Б.Сапарбаевтың қолдауымен Халықаралық серіктестікті нығайта отырып, Кореяның Сеул ұлттық университетімен,  «Кангнам Северанс» медициналық орталығымен бірігіп жұмыс істеуде. Инновациялық технологиялардың көмегімен Ақтөбенің кардиохирургиялық орталығында жылына 1000-нан астам жүрек оталары жасалады. Сонымен қатар, нейрохирургиялық ота мен буындарды протездеу бойынша жамбас, тізе буындарын алмастыру және өзге де оталар оң нәтижесін берген. Қазіргі таңда Ақтөбе облысы халқының өмір сүру жасы 72-де 4 айға дейін ұзарды.

Жиын барысында, Елбасының жолдауы төңірегінде бұдан өзге де тың тақырыптар талқыланды. Оны ақпараттық-насихат  тобының өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мәртибесін көтеретін жаңа технологияларды барлық салада қолдану, ресурстық әлеуетті дамыту, еңбек өнімділігін түбегейлі арттыру, адами капитал мәселесі, сондай-ақ, қазіргі қоғамның қауіпті дерті – жемқорлықтың алдын алу міндеттерінің бұлтартпай орындалуы – рухани жаңғыруға жетелейтін төте жолымыз екендігін түсіндірді. Өз кезегінде Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов Жолдауда жүктелген бірқатар міндеттер шеңберінде ауданда да көптеген кешенді жұмыстардың қолға алынып, жүзеге асып жатқандығын сөз етті.

-Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмаларына сәйкес, біз алдағы төрт жылдың ішінде тұрғын үй мәселесін толыққанды шешуді межелеп отырмыз. Қазірдің өзінде Қандыағаш қаласында 30 жылда бірінші рет екі көпқабатты тұрғын үй бой көтерді. Жуық арада баспана кезегінде тұрған аудан тұрғындарына пәтер кілті табыс етіледі. Мұнымен шектеліп қалмай, аудан орталығында бос қаңырап тұрған көпқабатты тұрғын үйлерді де коммуналдық меншікке алып, қалыпқа келтіріп жергілікті жерде баспана мәселесін түбегейлі шешу жоспарда бар. Одан бөлек, қаланың ішкі жолдары қалыпқа келтіріледі. Жалпы Қандыағаш қаласын таяу жылдары көркейту жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатырмыз. Ауданға қарасты елді мекендердегі тұрғындарды алаңдатып отырған әлеуметтік мәселелер де қатар шешіліп отырады. Оған Мұғалжар ауданының мүмкіндігі жетеді. Сонымен қатар, Елбасымыздың биылғы жолдауында қамтылған көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру мақсатында атқарылатын жұмыстардың аясында ауданның шекарасындағы республикалық маңызы бар тас жолдардың да жағдайы жақсармақ. Негізі алдағы күннің еншісінде тыңдырылатын істер де, жағымды жаңалықтар да көп болғалы тұр. Ең бастысы халықтың ауызбіршілігі қажет, — деді аудан әкімі Ербол Данағұлов.

Алтын СҮЛЕЙМЕН

Оқи отырыңыз

Мәжіліс депутаттары Мұғалжарда

04.04.2018 0
Бүгін Елбасы Үндеуіндегі халықтың әл-ауқатын арттыратын бес әлеуметтік бастаманы түсіндіру мақсатында облысқа келген Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұғалжар ауданында…

«Мұғалжар» газетінің жүлдесі үшін «Мұғалжардың келіні» байқауы жарияланады

08.02.2018 0
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес,  «Мұғалжар» газетінің жүлдесі үшін «Мұғалжардың келіні» байқауы жарияланады. Байқаудың талабы бойынша, байқауға қатысатын келіндер редакцияға…

Білім мазмұнын жаңарту уақыт талабы

03.10.2017 0
Қандыағаш қалалық №1 орта мектебінде жаңартылған білім мазмұнына сәйкес семинар-кеңесі өтті. Білім саласындағы бақылау департаментінің өкілдері және облыстағы алдыңғы қатарлы…

Округке әкім тағайындалды

31.01.2018 0
Жуырда аудандық мәслихаттың 11 депутатының дауыс беруімен Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі сайланды. Еске сала кетейік, бұған дейін Қ.Жұбанов атындағы…

Рухани жаңғыру: болашақтың жарқын бағыты

29.09.2017 0
«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асырудағы өзекті мәселелер бойынша республикалық…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *