Мәжіліс депутаттары Мұғалжарда

1880 0

Бүгін Елбасы Үндеуіндегі халықтың әл-ауқатын арттыратын бес әлеуметтік бастаманы түсіндіру мақсатында облысқа келген Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұғалжар ауданында болды. Депутаттар бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, аудан тұрғындарымен кездесті.

 Ауданға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шавхат Өтемісов, Евгений Козлов, Иван Клименко алдымен Ақкемер ауылдық округінде болып, Елбасының елге үндеген бес әлеуметтік бастамасының жалпы халық үшін маңызын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, әрбір қазақстандыққа баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру,жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту, жалпы елді газбен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отырған жұмыстар жайында баяндады.

Депутаттар іссапары барысында Қандыағаш қаласындағы «Достық» ықшам ауданындағы жаңа 5 қабатты 60 пәтерлі коммуналды жалдамалы тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен де танысты.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

 

Оқи отырыңыз

Барлық қарекет – қылмыстың алдын алу үшін

07.11.2017 0
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында ішімдіктің салдарынан орын алатын қылмыстың көрсеткіші бәсеңдемей тұр. Мезгілсіз уақытта алкоголді сусындарды азық-түлік дүкендерінде сатуға заңмен…

Мұғалжарда алтын фабрикасы салынады

24.12.2017 0
Мұғалжарда өндіріліп жатқан алтынның шикізат өнімі енді Ресейде емес, өзімізде өңделетін болады. Осыған байланысты, биылғы жылы ауданға қарасты Алтынды ауылында…

Қауіпсіз келешек

24.10.2017 0
Ауданда халықтың қауіпсіздігін қаматамасыз ету жобасы бойынша әлі де жұмыстар жалғасып жатыр. Өткен аптада аталған жобаның аясында қолға алынған 8…

Қандыағаш мектебінде ІТ класс ашылды

20.09.2018 0
«Нұр Отан» партиясының «Партиялық жаңғыру» бағдарламасы аясында Қандыағаш қаласындағы №1 орта мектебінде ІТ класс ашылды. Заманға сай жабдықталған кластың ашылу…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *