«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ФОТОБАЙҚАУ

«Мұғалжар» газеті Мұғалжар ауданының 20 жылдық, Қандыағаш қаласының 50 жылдық мерейтойларына орай «Мұғалжар – менің мекенім» тақырыбында фото-байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты —  аудан келбетін көркем образды жарқын фотосуреттер арқылы көрсету және жастардың отансүйгіштік қабілеті мен туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру. Олардың мақтаныш сезімдерін фотоөнер арқылы білдіруге мүмкіндік беру.

Байқаудың шарты – туған жердің әсем табиғатын, қала мен ауылдың көрікті жерлерін, өзен-көлдерін  тірі табиғатпен байланыстырып  түсіру

Фото-байқау мамыр айының 3-і мен шілде айының 3-і аралығында өтеді.

Сайысқа қатысушыларға қойылатын талаптар төмендегідей:

— Фото-байқауға кәсіби және әуесқой 15-29 жас аралығындағы фотографтар қатыса алады;

— Тек jpg (jpeg) форматындағы түпнұсқа фотосуреттер қабылданады;

— Байқауға қатысушы тақырып бойынша 3 фотосурет жіберуі тиіс;

— Суреттердің әрқайсысына тақырып қою;

—  MS Word-қа өзінің толық аты-жөнін, жасын, мекен-жайы мен байланыс нөмерін жазу;

— Байқауға қажетті материалдарды mugalzhar.gazet@mail.ru электронды поштасына жолдау;
— Фотоколлаж немесе арнайы эффектілермен өңделген фотосуреттер қабылданбайды;

— Байқауға презентация, MS Word-қа салынып жіберілген суреттер қатыстырылмайды;

  Байқаудың жеңімпаздары үш орын бойынша марапатталады.

 Қосымша мәлімет үшін байланыс телефонымыз: 3-46-31, 3-18-34.

Ұқсас ақпараттар

В серии пенальти определен первый финалист ЕВРО-2020

admin_mugalzhar

Дерево смотри в плодах, а человека в делах

admin_mugalzhar

ПОЖАР ЛЕГЧЕ ПРЕДУПРЕДИТЬ, ЧЕМ ПОТУШИТЬ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.