«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мәжіліс депутаттары Мұғалжарда

Бүгін Елбасы Үндеуіндегі халықтың әл-ауқатын арттыратын бес әлеуметтік бастаманы түсіндіру мақсатында облысқа келген Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұғалжар ауданында болды. Депутаттар бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, аудан тұрғындарымен кездесті.

 Ауданға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шавхат Өтемісов, Евгений Козлов, Иван Клименко алдымен Ақкемер ауылдық округінде болып, Елбасының елге үндеген бес әлеуметтік бастамасының жалпы халық үшін маңызын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, әрбір қазақстандыққа баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру,жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту, жалпы елді газбен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отырған жұмыстар жайында баяндады.

Депутаттар іссапары барысында Қандыағаш қаласындағы «Достық» ықшам ауданындағы жаңа 5 қабатты 60 пәтерлі коммуналды жалдамалы тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен де танысты.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

 

Ұқсас ақпараттар

ЕМБІЛІК ФУТБОЛШЫ ҚЫЗДАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Бір жылда атқарылған жұмыс қағазсыз баяндалды

admin_mugalzhar

30 ЖЫЛ ӘРІПТІ ҚОЛМЕН ТЕРГЕН ЖАН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.