Қандыағаш мектебінде ІТ класс ашылды

3391 0

«Нұр Отан» партиясының «Партиялық жаңғыру» бағдарламасы аясында Қандыағаш қаласындағы №1 орта мектебінде ІТ класс ашылды. Заманға сай жабдықталған кластың ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясының Мұғалжар аудандық филиалының бірінші орынбасары Құрания Аймағамбетов, аудандық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Медет Шарипов қатысты.

 Мемлекет басшысының цифрландыруды дамытуға бағытталған тапсырмасына орай, партия тарапынан қолға алынған бұл бастама «Балалар үшін тегін ІТ-кабинеттер» жобасымен нақты іске асып келеді. Ал Ақтөбе өңірінде аталған жоба биылғы жылы жарияланған «Бақытты бала» жобасымен ұштастырылып жүзеге асуда. Ресми мәліметтерге сүйенсек, «Нұр Отан» партиясының осы жобасымен облыста 20 ІТ класс ашу биылғы жылға жоспарланып отыр. Оның дені аудан орталықтарымен мен ауылдарда ашылмақ.

Жастарды жаңа технология дәуіріне бейімдеу, олардың ғылыми-шығармашылық және зерттеу дағдыларын арттыру мақсатында ашылып жатқан ІТ класс Мұғалжарда бірінші болып қалалық №1 орта мектепте ашылды.  ІТ кабинетте оқушылар 3D модельдеу, сәулет, дизайн, анимация, бағдарламалау және веб-сайтты құру жұмыстарын үйренеді. Сандық технологияны меңгеріп, робототехникамен айналысады. Кластың ашылу салтанаты барысында мұндағы оқушылар тіпті робототехниканы меңгеріп алғандарын көрсетті.

-ІТ-сынып арқылы менің жобам «Күшік-робот» деп аталады. Күшіктерді жақсы көретін болғандықтан осылай  атадым. Күшік робот кәдімгі күшік секілді айналасындағы қозғалыстарды байқап үре алады. Сонымен қатар, сүйек пішінде жасалған құралды өзіне жақындатқан жағдайда күшік робот сүйектің иісін сезінгендей кейіп білдіреді. Өз идеяларымды іске асыру үшін «LEGO EV3» бағдарламасын пайдаландым. Мен IT класс арқылы бұл мүмкіндікті пайдаланып, өзіме қызықты бағдарламаны үйрендім, — дейді мектептің 10-класс оқушысы Алишер Шакирұлы.

Салтанатты қатысушылар ІТ кластағы оқушылардың туындыларын тамашалап,  ондағы заманауи бағыттағы технологиялармен танысты. Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы 2020 жылға дейін еліміз бойынша мың  ІТ класс ашуды жоспарлап отыр.

Әнуар ЕСҚАРА    

 

Оқи отырыңыз

Қысқы төтенше жағдайға дайындық

10.11.2017 0
Кеше жылдағы үрдіспен  қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша әрекеттерге басқару органдары мен азаматтық қорғау жүйесінің мемлекеттік…

Район к зиме готов на 80%

13.09.2018 0
Одно из главных направлений работы в наших климатических условиях, безусловно — это обеспечение стабильной работы систем жизнеобеспечения в отопительный период.…

Электронды күнделік қолданыста

04.10.2018 0
Мектеп оқушылары енді бұрынғыдай оқулықтарымен бірге оқу үлгерімдері белгіленіп отыратын күнделік арқалап жүрмейтін болды. Технология дәуірінің талабы бұл. Әрі жаңартылған…

Шәкірттер жеткізген жетістік

15.11.2017 0
Жуырда Қандыағаш қалалық А. Жұбанов атындағы балалар саз мектебінің оқушылары республикалық байқаудан жүлдемен оралып, ауданның мерейін өсіріп қайтты.   Орал…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *