«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Алтай Көлгінов Ақтөбе облысында көпсалалы ауданаралық ауруханалар құру жобасын қолдауға дайын екенін білдірді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді.

Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі Батыс өңірінде тау-кен металлургия саласы үшін мамандар даярлайтын жалғыз оқу орны. Мұнда мыңнан астам студент оқиды.

Колледж бен Дөң тау-кен байыту комбинаты кәсіпорны арасында тамыры терең байланыс орнатылған, білім беру бағдарламаларында дуалды оқыту жүйесі қолданылады.

Жыл сайын түлектердің 100%-ы жұмысқа орналасады. Колледж базасында тау-кен металлургия саласы үшін Құзыреттілік орталығы ашылды, елді мекендерде азаматтарды оқытатын мобильді орталық жұмыс істейді.

«Жас маман» жобасы бойынша оқу орнына 323,2 млн.теңге бөлінген, сондай-ақ «Жаңа кәсіптер атласы», «Колледждерге арналған ERG», «Экожүйе» және т.б. жобалар жүзеге асуда. Колледждің әлеуметтік серіктестермен жұмыс тәжірибесі Қазақстандағы оң тәжірибелердің бірі ретінде танылады.

Хромтау аудандық ауруханасында Алтай Көлгіновке орталық аудандық аурухана базасында тері арқылы коронарлық араласулар орталығы, инсульт орталығы, травматологиялық және хирургиялық көмек бөлімшелері бар 2 деңгейлі көпсалалы ауданаралық аурухананы ашу жобасы таныстырылды.

Қазіргі уақытта аудандық аурухана 45 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. Ал ауданаралық ауруханада Қарғалы және Әйтеке би аудандарының тұрғындары медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттарына сәйкес тексеріліп, жоғары мамандандырылған медициналық көмек ала алады. Қызмет көрсетілетін халықтың саны 88 мың адамға дейін ұлғаяды.

Осындай ауруханалар Шалқар және Мұғалжар аудандық ауруханаларының базасында да ашылады.

«Жобаның маңыздылығын ескере отырып, біз оны қолдауға дайынбыз. Президенттің бастамасымен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүргізілуде. Осы бағдарлама аясында біз ауылдық медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, оларды кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін де шешуіміз керек», – деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, екі жыл ішінде осы жоба аясында 20 мың тұрғыны бар 29 ауылдық елді мекенде заманауи жабдықталған денсаулық сақтау нысандарын салу жоспарлануда.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

ТӨЛЕУБҰЛАҚ ҮҢГІРІ ПЕТРОГЛИФКЕ БАЙ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

Геннадий Головкин әлемдік рейтингіде көш бастады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.