Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі

950 0

Қазақстан әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бәсекеге қабілетті болуы үшін және жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруі үшін ең бірінші ұлтының саулығы маңызды. Мемлекет басшысы 2012 жылы халыққа жолдаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында бұған айрықша көңіл бөлді. Осыған орай, берілген тапсырмалар мен межелі міндеттерге сәйкес, аудан көлемінде қандай жұмыстар атқарылды және оның нәтижесі қалай? Осы жайында Мұғалжар аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғар Әбдірзақпен сұхбаттасқан едік.

«Мұғалжар»: Елбасы кезекті Жолдауының бірінде бұқаралық спорт және денешынықтыруды дамыту мәселесі ұлт саулығын қамтамасыз етеді деген болатын. Мұны тарқатып айтудың аса қажеттілігі жоқ. Себебі, спортты дамыту қаншалықты халыққа тиімді екендігі айтпаса да белгілі ғой. Жалпы бүгінде ауданның спорт саласының даму қарқыны қалай?

Т. Әбдірзақ: Ілгерілік басым деп айта аламын. Спорт саласының дамуы біріншіден қаржыландыруға, екіншіден жүйелі жұмыстардың жүргізілуіне байланысты. Аудан басшысы Ербол Данағұловтың қолдауымен ауданның спорт саласын қаржыландырылуы облыс бойынша аудандар арасында Хромтау, Байғанин аудандарынан кейінгі орында.  Берілген тапсырмаларға сәйкес атқарылып қатқан жұмыстар да ауқымды.

«Мұғалжар»: Спорттың қай түрлері жақсы дамып келеді?

Т. Әбдірзақ: Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауданда олимпиадалық спорт түріне жататын спорттың барлығы жақсы дамуда. Әсіресе, қазақ күресі, еркін күрес, волейбол, пауэрлифтинг, бокс, дзюдо жоғары деңгейде. 22 жас спортшымыз олимпиадалық училишеде тәлім алып жатыр. Бокстан екі жас былғары қолғап шеберіміз кәсіпқой рингте топ жарып жүр. Оның бірі Нұртас Әжбенов, Айдос Медет. Екеуі де қазіргі уақытта келісім-шартпен Англияда машықтанып, елдің атын шығарып жүр. Мұндай спортшыларымыз бұрын соңды ауданнан шыққан емес. Қазақ күресінен Ақтөбе облысының атынан Қазақстан чемпионатына шығып жүрген спортшымыз да бар. Атап кеткен өзге спорт түрлерінен де әлемдік деңгейде оқ бойы озық шығып жүрген мақтаныштарымыз баршылық.  Сонымен қатар, кейінгі уақытта ұлттық спорт та жақсы жолға қойылды. Еңбек, Талдысай ауылдық округтерінен шыққан  спортшыларымыз көкпар, аударыспақтан ешкімге есе жібермей, облыста алдыңғы үштің қатарында келеді. Асық ату да жақсы қолға алынды. Тіпті, спортшы жастарымыз жарыстарға да шығып жүр.

Ембі қаласында жеңіл атлетика бойынша жұмыс  басталды. Бұрын спорттың бұл түрі бізде болған жоқ.  Алдағы күндері бұдан да жүйріктеріміз анықталады деген сенімдеміз. Қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша да жұмыс қарқынды. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша, 54 спортшы I разрядта, 17 спортшы спорт шеберлігіне үміткер атанып отыр. Жалпы ауданда I разрядта, спорт шеберлігіне үміткер 120, спорт шебері 54, Халықаралық деңгейде спорт шеберінен 6 спортшымыз бар.

«Мұғалжар»: Ал енді қай спорттың түрлері дамымай отыр және оған не кедергі?

Т. Әбдірзақ: Тек олимпиадалық емес спорт түрлері кенжелеп тұр. Оның себебі белгісіз.

 «Мұғалжар»: Мақұл, осыншама жетістігіміз бен жеңімпаздарымыз баршылық, бірақ, не себепті осы спортшылардың арасынан олимпиадаға қатысушылар шықпай отыр?

Т. Әбдірзақ: Бұрын Мұғалжардан тек боксшы Галиб Джафаров қана олимпиадаға шықты. Содан бері расымен де, бір спортшымыз олимпиадаға ілікпей келеді. Тек Мұғалжарда ғана емес, жалпы облыс бойынша әзірге олимпиадаға шығатын спортшы жоқ. Жоқ деп айту қиын әрине, небір мықты спортшыларымыз бар, алайда спорттың өзі саясатқа айналып кетті.

«Мұғалжар»: Аудан бойынша жергілікті халықтың қаншасы спортпен қамтылған және спортшылардың машықтануына жағдай жасалған ба?

Т. Әбдірзақ: Биылғы статистикалық деректерге сәйкес, ауданда 20 795 адам спортпен шұғылданады. Олардың спортпен шынығуына қажетті барлық мүмкіндіктер жасалды. Қазір 2 стадион, 87 жазық спорт алаңы, 2 ату тирі, 1 теннис корты, 74 спорт зал тағысын тағы қолданыста. Оның қатарында биылғы жылы салынғандары да бар. Мысалы, 2018 жылы Қандыағаш қаласында 3 спорттық алаң салынып, тозығы жеткен спорт алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Самрұқ-Қазына» АҚ компаниялар тобының аймақтардағы «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында Ембі қаласы мен Батпақкөл ауылдық округінде 2 әмбебап спорт алаңының құрылысы аяқталуға жақын. «Жол картасы-2020» бағдарламасымен дәл осындай алаңдар Қ. Жұбанов, Ащысай, Құмсай ауылдық округтерінде салынды. Ал жергілікті бюджет қаражатының есебінен Ембі қалалық №4 орта мектебінің жанынан жаңа спорт залы пайдалануға берілді. Негізі спорттық база түгел. Қандыағаш қаласындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі Ақтөбе облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына қарайды. Ал Ембі қаласындағы спорт мектебі жергілікті бюджетке қарасты болғандықтан  мұндағы материалдық база толық. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда аудан басшысы Ербол Данағұловтың еңбегі зор. Келесі жылы да барлық ауылдық округтің орталықтарына заманауи спорт алаңдарын салуды аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне тапсырма берді. Сондай-ақ, Қандыағаш қаласында салынатын үлкен спорттық кешеннің сметалық-жобалау құжатын әзірлеуге де қаражат бөлгізді. Мұның ішінде спорттың барлық қажеттілігі қамтылатын болады.

«Мұғалжар»: Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен қамтылуы қалай?

Т. Әбдірзақ: Қалада, ауылда жергілікті сағат кешкі 19.00-ден түнгі 22.00-ге дейін барлық спорт залдар ашық тұрады. Кез келген адамның шұғылдануына рұқсат берілген. Ешкімге шектеу қойылмайды. Керісінше, бәріміз бір қоғамда өмір сүріп жатқандықтан барлығы бірдей келіп шұғылданып жатады. Бірде-бір спорт зал бос болмайды. Осыған қарап бұқаралық спорттың дамып жатқандығына анық көз жеткізуге болады.

«Мұғалжар»: Бұқаралық спортты әлі де болса дамыту үшін алдағы уақытта қандай жоспарларыңыз бар?

Т. Әбдірзақ: Биыл 85 спорттық шара өткізуге ауқымды жоспар әзірледік. Алайда, жоспарды артығымен орындап тастадық. Айта кету керек, бұл жарыстардың барлығы тек Қандыағаш пен Ембі қалаларында ғана емес, барлық ауылдық округте кезек-кезегімен өтіп отырды. Әр оуругтің әкімдерінің ұйымдастырушылық шеберліктеріне байланысты сайыстар әр түрлі деңгейде өтті. Осы секілді, алдағы жылға да жоспар құрып, жұмыс жасайтын боламыз. Жарыстарды көбірек өткіземіз. Өйткені, жарысты өткізе отырып, спортшыларымыздың арасынан жүйріктерін іріктеп, облыстық жарыстарға команда дайындаймыз. Әрі сол арқылы өзгелердің қызығушылығын арттырамыз.

 «Мұғалжар»: Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан: Әнуар ЕСҚАРА

Оқи отырыңыз

Қандыағашта 3 маршрут шығады

07.11.2017 0
Қандыағаш қаласындағы жолаушылар тасымалдайтын «Финлюкс» ЖШС-і жуық арада 3-ші маршрут шығарады. Қазіргі таңда жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған қала ішілік қосымша…

Қандыағаштық 55 отбасы баспаналы болды

30.03.2018 0
Бүгін Мұғалжар ауданында жұмыс сапарымен болғаны Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев баспана кезегінде тұрған 55 тұрғынға пәтер кілтін табыстады. Қаланың…

Мұғалжарлықтар Ақтөбеге барады

04.10.2018 0
Қазанның 5-і мен 6-сы күндері Ақтөбе қаласында «Туған жерім – нұрлы елім» атты Мұғалжар ауданының күндері өтеді. Облыс орталығында екі…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *