«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ 587 ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

БҮГІН АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ. АУДАН БОЙЫНША 587 ТҮЛЕК ОРТА МЕКТЕПТІ АЯҚТАП, ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАСТЫ.

2021-2022 оқу жылында аудандық білім бөліміне қарасты 37 мектепті 12436 оқушы аяқтағанын жеткізді. Ауданда 9-сынып бітірген түлектер саны — 1021, оның ішінде үздік аттестатқа 106 оқушы үміткер. Ал 11-сыныпты бітіретін 587 түлектің 31-і үздік аттестатқа, 64-і «Алтын белгіге» үміткер. Жоспар бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуге 500-ге жуық оқушы қатыспақ.
Сонымен бірге Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жазғы мектептер мен лагерьлерге аудан бойынша 11507 оқушыны тарту жоспарланды.

Ұқсас ақпараттар

Ұлттық банк төрағасы ипотека рәсімдеушілерге кеңес берді

admin_mugalzhar

АРДАГЕР АТАЛАР МЕН АНАЛАР ӘН АНСАМБЛІНІҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.