Астанада көмек шақыруға арналған 101, 102, 103 нөмірлері бір нөмірге біріктірілмек

1716 0

Елордада полиция, жедел жәрдем және төтенше жағдайлардағы қызметтердің нөмірлері бір нөмірлерге біріктіріледі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімдігіне қарасты iKomek қалалық орталығының әкімшілік қаржылық департамент директоры Ақан Нұрғожин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында iKomek орталығының басшысы Жәннат Дүбірова орталық 2018 жылдың қаңтар айында құрылып, барлық коммуналдық қызметтердің және қалалық басқармалардың, атап айтқанда 4 аудандық әкімдіктің, 17 қалалық әкімдік басқармаларының, 33 коммуналдық және апаттық қызметтерінің, 81 лифт шаруашылықтарының нөмірін 1-0-9 нөміріне біріктіргенін атап өтті. «Астаналықтар байланыс орталығының тиімділігіне көз жеткізіп, осы қызметті белсенді түрде пайдаланады. Сондай-ақ, елорданың тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша өз өтініштерін, ұсыныстары мен шағымдарын тәулік бойы жолдап отырады», — деді ол. Өз кезегінде тілшілердің сұрағына жауап берген iKomek қалалық орталығының әкімшілік қаржылық департамент директоры Ақан Нұрғожин алдағы өзгерістер туралы айтып берді. «Адам өміріне қауіпті жағдайлар бойынша 101, 102, 103 және 112 нөмірі бар. Осы барлық нөмірлерді алдағы уақытта Астана және барлық елді мекендерді 112 нөміріне біріктіру жоспарланып отыр. Мерзім бойынша осы жылдың екінші тоқсанында бұл жұмыс іске асырылады деп күтіліп отыр. Әртүрлі апатты жағдайда да осы қызметтердің бәрі үйлестіріліп, барлық қызмет бір нөмір арқылы көрсетілетін болады», — деді Ақан Нұрғожин.

Оқи отырыңыз

Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына!

06.06.2018 0
2018 жылдың 4 маусымынан бастап «Дабыл-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды.  Оқу-жаттығулардың мақсаты – төтенше жағдайлар кезіндегі күштік құрылымдар мен жергілікті…

Қандыағашта жол апаты болды

26.11.2017 0
Кеше Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаштың бас көшесінің бірі «Интернациональный» көшесінде жол көлік оқиғасы болды. Салдарынан 15 адам ауруханаға түсті. Жол…

Сау болсыншы сәбилер

20.09.2018 0
Ана мен баланың саулығы — бүтін бір ұлттың болашағы. Сондықтан мемлекет өз кезегінде ұлт саулығына мән беріп, медицина саласын заман…

Ақсуға ауызсу кірді

15.11.2018 0
Ащысай ауылдық округіне қарасты Ақсу елді мекені «Ақсу» болғалы ауызсу тапшылығын күні бүгінге дейін көріп келген болатын. Күрмеуі тас түйіндей…

Қауіпсіз келешек

24.10.2017 0
Ауданда халықтың қауіпсіздігін қаматамасыз ету жобасы бойынша әлі де жұмыстар жалғасып жатыр. Өткен аптада аталған жобаның аясында қолға алынған 8…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *