«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АТА ЗАҢҒА — 28 ЖЫЛ

КЕЗ КЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ, ЕЛДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН, ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН АЙҚЫНДАЙТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЖАТ — КОНСТИТУЦИЯ. ОНДА МЕМЛЕКЕТТІҢ БАРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ, ЖЕКЕ АЗАМАТТАРДЫҢ, ҰЛТТАР ПЕН ҰЛЫСТАРДЫҢ, ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАРДЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, ҚҰҚЫҚТАРЫ КӨРСЕТІЛЕДІ. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТАРИХИ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАП, ЕЛІМІЗДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ӨМІРІНДЕГІ ЖАСАМПАЗ ЖАҢА ДӘУІРІНЕ ҚАДАМ БАСҚАНЫНА БИЫЛ 28 ЖЫЛ. СОДАН БЕРІ ҚАРАЙ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІНЕ АЙНАЛҒАН АТА ЗАҢ — МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМДА ОРЫН АЛЫП ОТЫРҒАН БАРЛЫҚ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМАЛАРДЫҢ ІЛГЕРІ БАСУЫНА, ДАМУДЫҢ ҚАЙНАР БАСТАУЫНА АЙНАЛДЫ. ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖАС КОНСТИТУЦИЯЛАРДЫҢ БІРІНЕ ЖАТАТЫН АТА ЗАҢ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕРМЕН БҮГІНГІ САНДА БӨЛІСЕМІЗ.

Расында, бүкілмемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжаттың қабылданғанына 28 жыл толып отыр. Әрине, тарих ауқымы мен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек. Тарихқа кері шегініс жасайтын болсақ, тәуелсіздікке ие болған Қазақстанның ең басты қадамы Конституцияны қабылдаумен тұтастай байланысты. Алғаш қабылданған 1993 жылғы Конституцияның мәні мен маңызына келетін болсақ, бұл Негізгі құжат төрт басты мәселеге жауап беруі және соған жағдай жасауы тиіс болатын.

Оның біріншісі — мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екіншіден — экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшіншіден — жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртіншіден – ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата заңда көрсету. Уақыт өте келе заман ағымы мен сұранысына қарай, Бас заңымыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалды. Сондықтан да арада екі жыл өткенде 1995 жылы қазіргі Негізгі заң — Конституция қабылданды. Осылайша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанның мемлекеттігін айқындаған Ата заң екі қайтара түледі. Өйткені 90-шы жылдардың басында Қа-зақстанның саяси-экономикалық жағдайы мүлдем басқаша болатын. Күні кешегі тарихи оқиғаларға жүгінсек, жаңа Конституцияны қабылдау қарсаңында ұзақ мерзімді қызу жұмыстар атқарылды. Ар найы құрылған сарапшылар көптеген әлем елдерінің Конституцияларын, әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысында қабылданғандарын мұқият сараптаудан өткізді. 1995 жылғы Конституцияны талқылау кезеңінде еліміздегі беделді заңгерлерден бөлек, Францияның Конституциялық кеңесінің өкілдері, осы елдің Мемлекеттік Кеңесінің мүшелері, Ресей зерттеу орталығының ең беделді заңгерлері жобалық жұмыстың жоғары талқылау шараларына атсалысты. Айта кетейік, тәуелсіздік тарихында тұңғыш ретбүкілхалықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген Негізгі заң да осы — 1995 жылы қабылданған Конституция. Қазір келтіріліп жүрген ресми мәліметтерге қарасақ, құжатты талқылауға 3 млн 345 мың адам қатысыпты. Жұртшылық тарапынан сарапталған 31 мың 886 ұсыныс түссе, соның 1 мың 100-і конституция жобасына енгізілген.

Кейіннен 1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Олардың 89,14 пайызы жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады. Сонымен биыл 28 жыл болған конституция тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл болып, елдің бетке алған бағдарының тұтастайбөлігінқамтыпотырдесе де болады. Алайда, заман ағымына қарай Негізгі заңымыздың өзгеріске ұшырауын да ешкім жоққа шығара алмасы анық. Дегенмен, қазіргі һәм өмір бойғы басты міндетіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Яғни, бастыталап — АтаЗаңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау — республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Еліміздің Негізгі Заңын жасасуға үш миллионнан астам қазақстандық азамат қатысқан екен. — Конституцияның 1995 жылғы 30 тамыздағы жалпыхалықтық референдумда қабылданғаны белгілі. Ондағы процедуралардың ашықтығы мен заңдылығын 19 елден келген мыңдаған өкілі қадағалап отырды. Олар — Ата Заңды қабылдау құрметіне елімізге келген Мажарстан, Мысыр, Канада, Польша, Румыния елдерінен келген бақылаушылар болатын. Осы кездегі Конституцияның жобасын талқылауға еліміз бойынша қатысқан қазақстандықтар, ел болашағы үшін маңызды құжат туралы пікір таластырған екен. Олардың арасында қарапайым азаматтармен қатар заңгерлер де, қоғам белсенділері де болды. Барлығы үш мың ұсыныс түскен болса, оның 1100-і Конституцияның мәтініне кірген.

Қазақстан Конституциясы француздық модель негізінде қабылданды. — Конституция билік үлгісі бойынша мықты президент және мықты парламент басқаратын француздық модельге ие. 2017 жылы қабылданған реформадан соң, президенттік республика үлгісі өзгертіліп, оның өкілеттігі парламент пен екі арада теңестірілді. Бұл үрдіске еліміз әуелден-ақ қадам басуды көздеген болатын.

Ата заңның негізіне француздық модельден бөлек 1948 жылы қабылданған Адам құқығы жөніндегі жалпыға бірдей Декларация алынған. — Бұл құжат әлемдегі барлық елдердің Конституциялары негізге алатын халықаралық акт болып саналады. Соған сәйкес Ата заңның үштен бірінен астамы осы Декларациядан алынған адам құқығы мен бостандықтарын қорғау туралы ережелерден тұрады. Бір сөзбен айтқанда, біздің Конституция бүкіл әлем елдеріндегі басты құжаттар секілді барлық азаматтары бірдей құқыққа ие демократиялық мемлекеттің кепілі болып саналады.

Ел Президенті Қазақстан Республикасы Конституциясына қолын қойып Ант береді. — Әлемдегі әр елде инаугурация рәсімі әртүрлі ұлттық және мемлекеттік дәстүрлерге сәйкес өтетіні белгілі. Мәселен, кейбір көптеген елдерде Библияға қол қойып ант береді. Ал Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан, бізде Мемлекет басшысы Конституцияға қол қояды. Мұндағы дәстүрдің мәні Президент заңға құрметпен қарайтындығын білдіреді.

Конституцияның қазақшасында орыс тіліне қарағанда сөздер көп. — Конституцияның мемлекеттік тілдегі нұсқасында 8 904 сөз бар болса, ресми тілдегі нұсқасында 7 168 сөз бар екен. Ал оның 98 баптан тұратынын мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ әркім білетін болар. Мұндағы ең ұзын бап – «Парламент» деп аталатын төртінші тараудағы 61-бап. Ал сөзі ең аз бап – «Адам және азамат» деп аталатын екінші тараудағы 38-бап.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – әлемдегі ең жас Ата Заңдардың бірі. — Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бірнеше мемлекетке бөлініп, олардың бір мезгілде Конституцияларын қабылдағаны белгілі. Ал біздің еліміз КСРО құрамынан ең соңынан шыққаны мәлім. Сол себепті де Қазақстан Республикасының Конституциясы – әлемдегі ең жас Ата Заңдардың бірі болып саналады.

Құқықтық сауаттылық дегенді қалай түсінесіз? Сіз өз құқығыңызды қаншалықты білесіз?

Әсемгүл Тұрланова, жас маман, Қандыағаш қаласы:

Өмірде өз құқығыңды білмесең, өзіңді қорғамасаң, қиындыққа тап болдым дей бер. Себебі барлық жерде заң үстемдік етеді. Заң жүрген жерде әр адамның құқығы қоса жүреді. Барлық адам тең құқылы. Ешкімнің ешкімге зәбір көрсетуге, әлімжеттік жасауға құқы жоқ. Бұл — әр адам білуі керек қарапайым ғана құқықтық сауаттылықтың әлқиссасы. Сонымен тағы нені білуіміз керек дегенде, мыналарды ескерген жөн. Еліміздегі әр тұрғын тегін орта білімалуға, тегін медициналық тексерістерден өтуге құқылы. Әлеуметтік желіге көз тіксек, «ақша бермесең, дәрігер қарамаймын деді, мына мұғалім төрттік, бестік баға үшін сыйлық сұрады» дегендерді көзіміз шалып жатады. Бұл жерде адамның құқығы тапталып жатқанын байқауға болады. Заң жазылған кітаптарды оқуға ерінсеңіз, ғаламторда тегін-ақ берілген ақпараттарды қарап шықсаңыз болады.

Жамбыл Жетпісбай, Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бас маманы:

Әлеуметтік желіден азаматтық құқықтарын талап етіпжатқандарды көргенде, басында шошитынымыз рас. Мәселесін тыңдап, жақсылап назар аударып, зерделеп қарасақ, еш қорқатын дүние емес екенін түсінуге болады. Ал, үрейлене қарайтынымыз сол баяғы құлдық сана. Дұрыс екенін біле тұра, уәжімізді айтаалмайтындығымыздан. Осытұстақұқықпензаңның аражігін ажыратып алайық. Құқық – өркениеттің мәдени жетістігі мен қоғамдық қатынастарды реттеуші әлеуметтік құралдардың бірі. Ол – адам және қоғамның, сонымен қатар мемлекетті теңдестіруші құрал. Субъективтік тұрғыдан ол – адамдардың құқығы мен бостандықтарының жиынтығы, жүйесі. Ал, сол құқықтың нақты негіздерін заң реттейді. Яғни, құқық заң түрінде көрініс береді. Құқық пен заңнаманың өзара қайшы келетін тұстары да болады. Басымдық құқыққа беріледі. Құқық күшті мен әлсізді, бай мен кедейді теңестіруші құрал. Заң талаптары баршаға бірдей. Яғни, хан да, қара да заң алдында – тең. Ата Заңда солай бекітілген. Дегенмен, мұны жариялау бір басқа, жүзеге асыру екі басқа. Себебі, құқығымызды біліп, оныдұрыс талап ету үшін сол құқығымыз көрініс беретін заңдарға жетік болуға тиіспіз.

Мейрамгүл Бекмурзина, Жағабұлақ ауылдық әкімдігінің есепші маманы:

Шыны керек, Ата Заңды толық білмесек те, адам тағдыры – мемлекеттің басты байлығы екенін, өз құқығымызбен бостандығымызды қорғап, еркін өмір сүруге құқылы екенімізді түйсінеміз. Өз-өзіме сеніп, өзімді жетік қорғай аламын. Мәселен, өз құқығымызды қорғауға қатысты бір ғана заңдыайтыпөтейін. Егерсіздің құқығыңыз бен мүдделеріңіз бұзылса, онда сіз сотқа талап қоюшы ретінде шағымдана аласыз. Ол үшін сіз талапарызжазуыңызқажет. Талапарыз сотқа түскеннен кейін, арыздың нысаны мен мазмұнына қолданылатын заң талаптары орындалуы міндетті. Егер сіз заңды білмесеңіз, немесе басқа себептермен өзіңіз арыз жаза алмасаңыз, өзіңіз берген сенімхат арқылы талап-арызды сіз үшін біреу, яғни қорғаушы жазып бере алады немесе өкіліңіз жасай алады.

Дайындаған А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда теңге депозиттері бойынша максималды пайыздық ставка көтеріледі

admin_mugalzhar

Облыста 27 нысан «Ashyq» жобасынан шығарылды

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.