Қандыағашта жастарға арналған үлкен саябақ пен Жастар үйі салынатын болады

667 0

Биыл Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында Жастар үйі мен жастарға арналған үлкен саябақ салу жобасы қолға алынады. Бұл туралы кеше аудан әкімі Ербол Данағұлов «Болашағы жарқын – Мәңгілік елдің жастары» атты Жастар жылының ашылу салтанатында мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығы шыққаннан бастап жобалар, жоспарлар әзірленіп жатыр. Қандыағаш қаласында жастарға арналған үлкен саябақ пен Жастар үйі салынатын болады. Бұл екі жоба бойынша жұмыс биылғы жылы басталады. Сонымен қатар, аудандағы барлық елді мекендерде спорт алаңдары салынады. Жалпы биыл ауданда атқарылатын жұмыстың барлығы Жастар жылымен байланыстырылады», — деді аудан басшысы.

Айта кетейік, кеше Қандыағаш қаласындағы «Сұлтан» мәдени-демалыс орталығында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  «Болашағы жарқын- Мәңгілік елдің жастары» атты Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шаймардан Нұрымов, Дания Еспаева, Әлия Сапарова, аудан әкімі Ербол Данағұлов, Бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар және жасөспірімдердің облыстық мамандандырылған спорт мектебінің директоры, бокстан Әлем чемпионы Галиб Джафаров, ауданның белсенді жастары және Алға, Қобда, Байғанин, Ойыл жәнеТемір аудандарының жастары қатысты. Шара барысында ауданның бірқатар белсенді жастары марапатталды.

ӘнуарЕсқара

Оқи отырыңыз

Қайырымдылық – қайырлы іс

06.09.2018 0
Жуырда қайырымды жандардың көмегімен үздіксіз қарекет қылатын «Харекет» қайырымдылық қоры тағы бір мұғалжарлыққа пәтер сыйлады. Бұл жолы мұғалжарлық жалғызбасты көпбалалы…

Жерлестер форумы өтеді

24.05.2018 0
Ертең Мұғалжар ауданында «Ажырамас туған жерден, түлеп ұшып кетсе де» атты жерлестер форумы өтеді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ…

Көгілдір отын — тұрғындар қуанышы

15.11.2018 0
Еңбек ауылдық округіне қарасты Темір көпір бекетін газдандыру жұмысы аяқталды. Қазіргі таңда, ауыл тұрғындары ауылға келген көгілдір отынды үйлеріне кіргізуге…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *