Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 3-5 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің солтүстігінде күн суытып, оңтүстігінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдағы күндері Қазақстан Республикасының батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарында күн суытады.
Елдің оңтүстік жартысы құрғақ және ыстық ауа райы аймағында сақталады.
- Батыста түнде +10…+18-ден +8…+16°С-қа дейін, күндіз +23…+31-ден +17…+25°С-қа дейін,
- солтүстік-батыста түнде +15…+23-тен +10…+18°С, күндіз +27…+35-тен +21…+28°С,
- республиканың солтүстігінде түнде +15…+23-тен +8…+16 °С-қа дейін, күндіз +25…+35-тен +17…+25°С-қа дейін,
- республика орталығында түнде +10…+22°С, күндіз +30…+38°С,
- Республиканың шығысында ауа температурасы түнде +4…+15-тен +10…+18°С, күндіз +22…+27-ден +30…+38°С-қа дейін көтеріледі. ,
- республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында негізгі фон температурасы түнде +15…+25°С, күндіз +30…+40°С.