Жемқорлықпен күрес — әр азаматтың міндеті

710 0

Сыбайлас жемқорлық — заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Жемқорлық – қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті және жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізде де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық.. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен күресу – жеке және мемлекеттік мүдделерді реттей отырып, қоғам болып жүзеге асыратын өте жауапты да маңызды шара болып табылады. «Ғасыр дертіне» айналып бара жатқан проблеманы дер кезінде ауыздықтау – қоғам өмірінің өсуінің, дамуының бірден-бір кепілі болмақ. Сол себептен сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес Қазақстанның әрбір азаматының міндеті екендігін айтқым келеді.

Б.Баимбетов,

Мұғалжар аудандық сотының аға сот приставі.

Оқи отырыңыз

Хабарлама

21.11.2018 0
Мұғалжар ауданы бойынша шығып қалған Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округінің әкіміне үміткерлерді ұсынуға Мұғалжар ауданы әкімі Е.Данағұловтың жергілікті қоғамдастықпен кеңес…

Назарларыңызға!

07.02.2018 0
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 616 бабына сәйкес соттарда барлық iстер…

Сот ғимаратына өту режимі

18.09.2018 0
Мұғалжар аудандық сотында заңмен бекітілген қоғамдық тәртіпті сақтау, сот төрелігін жүзеге асыруда басқа тұлғалардың тарапынан соттың қызметіне араласуды  болдырмау, сыбайлас…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *