«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

151 500 теңге айыппұл салынды

Қандыағаш қаласындағы «Дина» супермаркетінен мерзімі көрсетілмеген және бұзылып кеткен шұжық өнімін анықтадық. Әрине, әдейі емес, кездейсоқ. Көп тұтынушылар сынды бізде азық-түлік алғанбыз. Сапасыз тауардың сауда сөресінде тұруына байланысты аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына шағым түсірдік.

Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері біз шағымда көрсеткен  «Лучшее решение» ЖШС-не қарасты «Дина» супермаркетінің сөресіндегі «Телячья «Ет Байрам» халал жартылай қақталған шұжық өнімінің сапасына санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында Орал қаласындағы «Жайық Агро LTD» ЖШС-нің  «Телячья «Ет Байрам» халал жартылай қақталған шұжық өнімінің сыртында мерзімі көрсетілмегені рас болып шықты. Ал бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылы мамыр айындағы бұйрығымен бекітілген «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарының» 68 тармағын бұзу болып табылды. Сонымен қатар, аталған шұжық өнімі микробиологиялық зертханада тексеріліп, бұзылған шұжықтың құрамынан 1 грамм бактерия тобындағы ішек таяқшасы анықталды. Осыған орай, «Жайық Агро LTD» ЖШС-не 151 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Мейіржан Есімбаевтың айтуынша, кез келген тұтынушы сатып алатын азық-түлік тауарларының тиісті құжаттарын талап етуге, тексеріп алуына толықтай құқықылы. Ал сатушылар оларға көрсетуге міндеттеледі. Егер де азық-түлік тауарларының сапасы бұзылған немесе мерзімі өтіп кеткен жағдайда аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына шағым түсіре алады.

P.S. Азық-түлік тауарларының қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайтын кез келген тұтынушы кейбір салғырт кәсіпкерлердің олақтығына осындай азаматтық белсенділктерімен ғана тосқауыл бола алады. Өйткені, сапасыз азық өзінің де, өзгенің де денсаулығына қауіпті. Сондықтан бұған жауапкершілікпен қараған жөн.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда алдағы уақытта «суперЦОНдар» ашылады

admin_mugalzhar

АУЫЛ ТҮЛЕКТЕРІ ТЕГІН ОҚУҒА ТҮСТІ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа арнайы жәрдемақы алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.