«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАРКЕМЕР АУЫЛЫН ГАЗДАНДЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Аудан әкімі Асқар Шерияздановтың тұрғындармен кездесуі Жаркемер ауылында өтті. Кездесуде аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, Жаркемер ауылында жоспарланған жұмыстарға тоқталды.
Облыс әкімінің тапсырмасымен аудан әкімі арнайы «Қазмұнайгаз» компаниясына барып Жаркемер ауылын газдандыру мен Қожасай ауылына медициналық пункт салу жобаларын пысықтағанын жеткізді.

17 үйі, 81 тұрғыны бар Жаркемер ауылындағы көше жарығы, санитарлық тазалығы, малды шығаруға жердің тапшылығы сынды мәселелер кездесуде кеңінен талқыланды.
Ауылдағы қоқысты шығару, ауылды абаттандыру мәселелері ауылдық округ жанындағы қоғамдық кеңесте талқыланып, өз шешімін табатын болады. Ол үшін округ аумағындағы кәсіпорындардың техникалары жұмылдырылады. Бұл жөнінде тұрғындармен кездесуде округ әкімі М. Бокашев пен қоғамдық кеңестің төрағасы Н.Медеуов баяндады.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Жаркемер ауылына алдыңғы жылы «Қазақойл-Ақтөбе» компаниясының көмегімен және «Коммуналшы» мекемесінің техникаларымен ауылдағы 17 үйге ауыз су тартылып берілді.
Сонымен қатар кездесуде Жаркемер ауылының оқушыларын Жаңажол орта мектебіне тасымалдау бойынша жаңа оқу жылында жаңа УАЗ автокөлігі алып беріледі.

Ұқсас ақпараттар

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған логотип бекітілді

admin_mugalzhar

Еліміздің халықаралық резерві 100 млрд доллардан асқан

admin_mugalzhar

Сенатор Жаңа жылдың орнына Наурызды тойлауды ұсынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.