«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ұшақ апатында қаза тапқан 12 адамның аты-жөні белгілі болды

Алматы қаласы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан 12 адамның аты-жөні белгілі болды. Мұндай деректі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінінен жария етті.

Ведомствоның атап өтуінше, Денсаулық сақтау министрлігінің ресми дерегіне сәйкес оқиға орнында әуе кемесінің командирі Марат Мұратбаев (1962 жылы дүниеге келген), Николай Асташов (1971), Рустам Қайдаров (1940), Бауыржан Қалиев (1974), Базархан Кәрібаев (1951), Аршат Исина, Абай Нұрбеков (1986), Сәния Аманжол қайтыс болған.

Ал Дана Круглова (1984), Қайыржан Тұматов (1955) Алматы әуежайында көз жұмды. Имина Оспанова (1963) мен Валерий Ануфриев ауруханада өмірден озды.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.
Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

1881 отбасы біржолғы әлеуметтік төлем алды

admin_mugalzhar

Қазақстанда кедейлер саны өскен

admin_mugalzhar

АУДАН АУМАҒЫНДА ЕКІ АЙЛЫҚ СЕНБІЛІК БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.