«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1881 отбасы біржолғы әлеуметтік төлем алды

Су тасқынынан зардап шегіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жергілікті өкілетті органдардың шешімі негізінде біржолғы әлеуметтік төлем төленіп жатыр. Бүгінде мұндай төлемді 1881 отбасы алды, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Бисенғалиеваның айтуынша, біржолғы төлемді алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша қалалық немесе аудандағы жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласуы қажет. Ақтөбе қаласы тұрғындары мен Әйтеке би ауданының тұрғындары үшін төлем сомасы — 300 мың теңге. Басқа аудандардың тұрғындары үшін төлем мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішке (369200 теңге) тең.

— Ағымдағы жылдың 22 сәуірдегі жағдай бойыншааймақта бұл мақсатта 1955 құжат қабылданып, 640545,2миллион теңге тағайындалды. Оның ішінде 1 881 отбасына 613224,4миллион теңгеге төлем жүргізілді. Қалғандарының құжаттары қаралып жатыр. Тексерістен өтуіне сәйкес төлем жүргізіледі, — деді Б.Бисенғалиева.

Басқарма өкілінің айтуынша, біржолғы әлеуметтік төлем алу үшін су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың қолында сәйкестендіру үшін жеке куәлігі, тасқын кезінде зардап шеккенін растайтын құжат, яғни акт, анықтама, сондай-ақ жиырма сандық банктік шот талап етіледі.

Ұқсас ақпараттар

Мұң, ашу және реніш адам денсаулығына қалай әсер етеді?

admin_mugalzhar

ЕҢ АЛҒАШ ӘЛІППЕ ҰСТАТҚАН…

admin_mugalzhar

Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін сүйіншіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.