«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН АУМАҒЫНДА ЕКІ АЙЛЫҚ СЕНБІЛІК БАСТАЛДЫ

Өткен аптада аудан басшысы Асқар Шерияздановтың «Қала аумағы мен ауданның елді мекендерін көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі екі айлық жұмыстар өткізутуралы» өкіміне сәйкес аудан аумағында екі айлық сенбілік жұмыстары басталды. Аудан бойынша 73 көше мен қоғамдық орындар және 13 саябақты тазартуға мыңнан астам адам жұмылдырылып, күл қоқыстарды полигонға шығаруға арнайы 53 техника тартылған.

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖЕМДЕ ДЕ ӨТТІ
Жем қаласында өткен сенбілік аясында әкімшілік, Жем қалалық №5 орта мектебі, мәдениет үйі, амбулатория, «Балбөбек» бөбекжай бақшасының қызметкерлері мекемелер аумақтары мен қала көшелерін, жол бойын тазартты. Сенбілікке 47 адам тартылып, 2 тоннадан астам жиналған күл-қоқыс 2 арнайы техникамен арнайы орындарға шығарылды. Қала әкімі Жұматай Бисенов алдағы уақытта сенбіліктің жалғасатынын, қаланы көгалдандыру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫ — ХАЛЫҚТЫҢ АЙНАСЫ
Ащысай ауылдық округіне қарасты елді мекендерде жүргізілген сенбілікке жалпы саны 26 адам қатысып, ауыл аумағындағы 5 көше мен 1 саябақ қоқыстан тазартылды. Округ аумағындағы мекемелер де сенбілік жұмыстарын жүргізіп, мекеме ауласын тазалады. Ауыл әкімі Баймұрат Оразов ауыл сыртына 5 тоннаға жуық қоқыстың шығарылғанын, ауылішілік жолдардың балшықтарын тегістеу жұмыстары да жүргізілгенін айтты.
— Ащысай ауылындағы жарық беру бағаналарының тозығы жеткен шамдары жаңартылды. Жалпы саны 25 бағанадағы көше шамдарын заманауи үлгідегі шамдарға ауыстырдық. Алдағы уақытта Ақсу және Сабындыкөл ауылының шамдары ауыстырылады деп жоспарлап отырмыз, — деді ауыл әкімі.
Егіндібұлақ ауылдық округінің орталығы Бұлақты ауылында жалпы саны 78 адам сенбілікке шықты. Тазалық жұмыстарына арнайы 3 техника жұмылдырылып, 56 тонна қоқыс полигонға шығарылды. Округ әкімі сенбілік жұмыстарының екі ай бойы жалғасатынын, алдағы уақытта көгалдандыру жұмыстарының жүргізілетінін жеткізді.
Ал Құмсай ауылында басталған сенбілікке жиырмадан астам тұрғын жұмылдырылған. Ауыл азаматтарынан құрылған тазалық тобы 10 тоннадан астам қоқыс жинап, арнайы екі техниканың көмегімен ауыл сыртына шығарды. Ауыл әкімі Асылбек Тұғыров тазалық жұмыстарының әлі де жалғасатынын айтты.
Талдысай ауылдық округін де жалғасқан сенбіліктің екі айлығына 77 адам тартылып, ауыл көшелеріне тазалық жұмыстарын жүргізді. Екі трактордың көмегімен 3 тоннадан астам күлқоқыс сыртқа шығарылды.
Еңбек ауылдық округіне қарасты ауылдарда да сенбілік жұмыстары жүргізілуде. Сағашилі ауылында орналасқан мекеме қызметкерлерінің барлығы дерлік сенбілік жұмыстарына атсалысқан. Ауыл аумағынан жиналған қоқыс қалдықтарын шығаруға «Асқар» ШҚ-ы арнайы техникасы көмекке келген. Ауыл әкімі алдағы уақытта сенбілікжұмыстарыменқоса, талегу науқаны басталатынын жеткізді.

Сенбіліктің алғашқы апталығында Құмжарған ауылдық округінен жалпы саны 48 адам сенбілікке шықты. 15 тоннадан астам жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы қоқыс алаңдарына екі техниканың көмегімен шығарылды. Округ әкімі сәуір айының аяғында округ бойынша 358 түп қаратал ағаштарының көшеттерін отырғызуды жоспарлап отырғанын айтты.
Қайыңды ауылдық округінде өткен сенбілікке ауылдағы мекемелердің барлығы дерлік қатысты. Округ бойынша 70 адам шығып, ауыл көшелері мен жол бойларын, саябақтарды тазалады. Ауыл аймағынан жиналған 3 тонна тұрмыстық қалдықтар 5 арнайы техникамен қоқыс алаңдарына шығарылды.
Мұғалжар ауылында сенбілік жұмыстары белсенді жүргізілуде. Барлық ауыл тұрғындары бірауыздан сенбілік жұмыстарына шығып, ауылда орналасқан әлеуметтік нысандарды және көшелерді күлқоқыстан тазартты. Ауыл әкімі Әлімжан Қорғанбай сенбіліккеауыл жастары демеушілік көрсетіп, 150 тонна қоқыс сыртқа шығарғанын айтты. — Ауылішілік көшелер автогрейдер транспортымен тегістелді. Ауыл көшелерін тегістеу жұмыстарынаауылжастарыжәне «АТК» ЖШС-і, Ембі жол бөлімі, «Көктас»АҚ-ы, «ТеміржолҚұрылыс-Атырау» ЖШС-і, «Текше-тас» ЖШС-і, «Koktas mining» ЖШС-і көмектесіп, 1400 тонна щебень төселді. Алдағы уақытта ауыл ішінде 300 түп тал көшеттерін отырғызуды жоспарлап отырмыз. Ағаш көшеттерін Темір орман шаруашылығынан демеушілік көмекпен аламыз ба деп отырмыз, — деді ауыл әкімі.

Екі айлық сенбілік Батпақкөл ауылдық округінде де басталды. Сенбілік жұмыстарына округ бойынша барлық мекемеден 20-ға жуық адам шығып, мекеме айналасын, көшелерді тазартқан. Сондайақ, сенбілікжұмыстарында 1 техника жұмылдырылып, 0,8 тонна қоқыс шығарылған. Ал Жағабұлақ ауылының жастары саябаққа тазалық жұмыстарын жүргізіп, қураған талдарды кесіп, әктеген. Алдағы уақытта 358 түп көшет отырғызу жоспарланып отыр.
Ақкемер ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың айналасы, ауыл көшелері қоқыстан тазартылды. Округ бойынша жалпы саны 47 адам сенбілікке шығып, 1,5 тонна күл-қоқыс жиналған. Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы орынға шығарылды. Ауыл көшелері мен әлеуметтік нысандарға тазалық жұмыстарын жүргізген Жұрын ауылының тұрғындары 4 тоннадан астам қоқыс жинап, арнайы техниканың көмегімен 4 тонна қоқыс сыртқа шығарылды. Сенбілікке жалпы саны 58 адам шықты.
Сенбілік аясында Жұбанов ауылдық округі аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Ауыліші көшелеріжәнесыртқыкөтермежол бойы жиналды. Сонымен бірге мал өлекселері сырқа шығарылып, өртелген. Сенбілікке 2 техникажәне 30-ға жуық ауыл тұрғыны жұмылдырылды.
Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Жасұлан АҚМУРЗИН: ЧЕРНОБЫЛЬГЕ ҚАТЫСҚАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛАДЫ

admin_mugalzhar

АЛТЫНДЫ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Дауыс беру үшін eGov Mobile қосымшасын пайдалану ұсынылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.