Оксфорд университеті вакцинасын сынақтан өткізу 60-тан асқан адамдар үшін сенім ұялататын нәтиже көрсетті. АҚШ-та ауруға шалдығу және өлім-жітім көрсеткіші өсіп келе жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Би-би-си агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-та Covid-19 салдарынан болған өлім-жітім саны 250 мыңнан асты, ал ауру жұқтырудың жаңа оқиғаларының саны әлі де өсіп келеді. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, пандемия басталғалы Covid-19 елдің 11,5 млн жуық тұрғынынан анықталған. АҚШ әлем елдері арасында коронавирусқа шалдыққандар мен одан қайтыс болғандар саны жағынан көш бастап тұр. Сондай-ақ, Facebook қызметкерлері кеңсеге көшу талабына шағым білдірді, Токиода қауіптіліктің «қызыл» деңгейі енгізілді. Басқа елдер жаңалықтары: Сәрсенбі күнгі кешкі жаңалықтар бойынша, Италияда тәулік ішінде Covid-19 диагнозы расталған 753 адам қайтыс болды. Елдің бірнеше аймағында қауіптіліктің қызыл деңгейі белгіленген. Енді оларға Абруццо да қосылды. Австрияда пандемияның екінші толқынынан қарттар үйі тағы зардап шегіп отыр. 12 қарашаға дейін, 40 күнде онда қауіпті вирустан 323 адам қайтыс болған. Нидерланды елінде екі апта бұрын енгізілген қатаң шектеулер жұмсартылды. Германияда тәулік ішінде ауру жұқтырудың 22,6 мыңнан астам оқиғасы тіркелген. Бельгияның премьер-министрі Александр де Кро биылғы Рождествоның бұрынғыдай болмайтынын ескертті. «Рождестводан кейін екінші толқынның басталуын қаламаймыз. Егер мерекеде сақ болмасақ, үш немесе төрт аптадан кейін оның салдарын көреміз», — деді ол.


Ақпарат көзі inform.kz

 https://www.inform.kz/kz/koronavirus-aksh-tagy-zhagday-kurdelene-tusti_a3720869

от admin001

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *