«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ БҰЛАҚТЫДА ӨТТІ

Аудан әкімі Асқар Шериязданов және Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Әлімжан Андакулов Бұлақты ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындарға жарты жылдықта аудан және ауылдық округ көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпарат берілді.

Миялыкөл ауылына КБМ кешенді блок модулі ауыз су ұңғымасы (скважина) орнатылды.

Қаракөл ауылынан Бұлақты ауылына газ құбырын тарту үшін жоба дайындалып жатыр, жыл аяғына дейін аяқталады. Ескі ауылдық клубты қалпына келтіру үшін жоба жасалды, тамыз айында мемлекеттік сараптамадан шығып, келесі жылы жөнделеді. Медициналық пункт жобасы дайындалып, қоғамдық кеңесте ғимарат салынатын жері талқыланды, құрылысы келесі жылы басталады. Жыл аяғына дейін ауылдық медициналық пунктке жаңа УАЗ жедел жәрдем автокөлігі беріледі.

Бұлақты ауылына арнайы “Beeline” компаниясының техникалық директоры Ю.А. Друщенко шақырылды, іссапар барысында ол мұңараны қосымша күшейтуді сұрады. Жақын арада бұл жұмыстар жүргізіліп, ұялы байланыс жүйесі орнатылады.

Кездесуде аудан әкімі тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, негізгі мәселелерді іске асыру үшін аудандық жұмыс жоспарына енгізді.

Ұқсас ақпараттар

АҚТӨБЕДЕ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ҚОР ҚҰРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Новые карантинные ограничения ввели в Бельгии

admin_mugalzhar

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ — ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.