ПОШТАШЫ АПАЙ – ҚАНШАГҮЛ

0
1066

КӨК СӨМКЕСІН АРҚАЛАП, ГАЗЕТ-ЖУРНАЛ МЕН ХАТ-ХАБАРДЫ ТИІСТІ ЖЕРІНЕ ЖЕТКІЗУ – ҚАНШАГҮЛ ІЗБАСХАНОВАНЫҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТІ. ОНЫҢ “ҚАЗПОШТА” АҚ-НЫҢ ҚАНДЫАҒАШТАҒЫ БӨЛІМШЕСІНЕ ПОШТАШЫ БОЛЫП ЖҰМЫС АТҚАРҒАНЫНА 8 ЖЫЛДАН АСТАМ УАҚЫТ БОЛДЫ. ОСЫ ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ӨЗ ЖҰМЫСЫН АСА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН АТҚАРЫП КЕЛЕДІ.

Қай жұмыстың болмасын өзіне тән қиындығы болады. Таңертеңнен кешке дейін сөмке арқалап, күннің бораны мен аязында бірнеше шақырымды артқа тастап, үй аралап жүру, нәзік жандыларға оңайға
түспейтіні анық.
– Бүгінгі таңда он мекемеге хат тасимын. ПЧ-6, Халық банкі, колледж, төтенше жағдайлар бөлімі, “ҚазТрансГазаймақ” мекемесіне, Санитарлық-эпидемиологиялық стансасы секілді мекемелерге барамын. Сонымен бірге көпқабатты және жеке тұрғын үйлерге газет-журналдар, түбіртектер таратамын. Ыңғайлы жұмыс жасау үшін “Қазпошта” АҚ-ы бізді велосипедпен, қызметтік ұялы телефонмен қамтамасыз етті. Велосипедті екі адам болып, кезектесіп жүргіземіз. Ал ұялы телефонға ай сайын тегін бірлік салып
отырады. Хат-хабарларды таратқаннан кейін пошта бөлімшесіне келіп, хаттарды компьютердегі хаттар
тізімінен шығарамын, – дейді пошташы.
Бүгінгідей интернет пен технология дамыған заманда конвертке салып, хат жолдайтындар жоқ шығар деп ойлаймыз. Алайда Қаншагүл апай қалам ұстап хат жазатындардың әлі де көп екенін айтады. Көршілес облыстардан жағынан тума-туыстарна хат салып отыратындар бар көрінеді.
– Пошта жұмысы – әрі қызық, әрі жауапты, әрі қиын. Пошташы болу да оңай емес. Бүгінгі жастар бұл жұмысқа келуден қашады. Осы қызметті артқару барысында адамдар үстімнен шағымданып көрмепті. Еңбек адамды
көркейтеді емес пе!? Жұмысымыз жеңіл емес. Дегенмен жұмыстың жаманы болмайды. Ең бастысы жауапкершілікті бірінші орынға қою керек. Қай салада жұмыс жасасаң да, адал еңбегіңмен нан жегенге не жетсін. Бүгінгі таңда менің басты міндетім – баспасөз басылымдары мен тапсырыс хаттарды мекемелерге уақытылы жеткізу. Жасап жүрген жұмысым өзіме ұнайды, – дейді Қаншагүл Ізбасханқызы.
Әміржан ӨМІРТАЕВ