«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мектеп маңындағы полиция жасағының саны артады – ІІМ

1 қыркүйектен бастап білім беру мекемелерінің жанында қауіпсіздікті қадағалайтын полиция жасақтарының тығызды артады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев министрліктің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

«Биыл 1-қыркүйектен бастап білім беру мекемелерінің маңында полиция жасақтарының тығыздығы артады. Білім беру мекемелерінің жанындағы жол желісі тек іс-шара кезінде ғана емес, тұрақты түрде тексерілетінін айта кету керек. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына көп көңіл бөлінеді. Биыл біздің қызметкерлер оқу орындарына тиесілі 2 мыңға жуық көлікті тексерді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мекемелерге 100-ден астам ұйғарым жолданған», дейді ІІМ өкілі.

Балаларды жол-көлік жарақаттарынан қорғау мәселесінде оқу процесі де маңызды қызмет атқарады.

«Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында жүйелі түрде, оқу жоспары аясында жолда жүру қағидалары бойынша оқыту қарастырылған. Өз кезегінде полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына жол жүрісі қағидаларын үйрету бойынша онлайн форматта мыңнан астам конкурстар мен викториналар өткізді. 1-қыркүйектен бастап бұл бағыттағы жұмыс дәстүрлі форматта жалғасын табады деп сенеміз», деді Жандос Мұратәлиев.

© egemen.kz

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде студенттерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫ ДАУЫС БЕРУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.