«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МҰҒАЛІМНІҢ МАРАПАТЫ

Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік бастауыш сынып мұғалімі — 2022» облыстық байқауына қатысқан мұғалжарлық ұстаз Айгерім Ағайдарова жеңімпаз үштіктер қатарынан көрініп, жүлдемен оралды.

Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін №4 орта мектебінде ұстаздық қызмет атқаратын Айгерім Ахатқызы аталған байқаудың аудандық кезеңінде өзінің білімділігі мен шығармашылық шеберлігін көрсетіп, бас жүлдені иеленіп, облыстық байқауға жолдама алған болатын. Бұл байқауға ауданбойыншажалпысаны 23 бастауыш сынып мұғалімі қатысқан еді.

Ауданның үздік ұстазының айтуынша, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығында өткен байқауға Ақтөбе өңірі бойынша 13 мұғалім қатысқан. «Табысты ұстаз», «Меніңеңүздіксабағым», «Сабақ үлгісін қорғау», «Ситуациялық сұрақтарғажауап» кезеңдерінде сынға түскен мұғалімдер түрлі тақырып бойынша 15 минуттық қысқа сабақ жоспарын құрып, педагогикалық шеберліктерін көрсеткен. Байқау нәтижесі бойынша оқыту шеберлігі мен сабақ беру әдісі үздік болған мұғалжарлық бастауыш сынып мұғалімі Айгерім Ағайдарова ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

СИЛЬНЫЙ ВЕТЕР ПОВРЕДИЛ КРЫШУ ШКОЛЫ

admin_mugalzhar

Мұғалімдерге «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі тағайындалады

admin_mugalzhar

Такси қызметіне орналастыру үшін 220 мың теңге алған Қандыағаш тұрғыны істі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.