«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАРДЫҢ КЕШІ ӨТТІ

Аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жастар күніне арналған «Жас мұраты — жаңашыл» атты жастар кеші өтті. Аталған кешке түрлі салада еңбек етіп жүрген ауданның белсенді жастары қатысып, өздерін толғандырған сауалдар төңірегінде сұхбаттасты.

Шараға аудандық Жастар ресурстары орталығы директорының орынбасары Дәуренбек Сиражев, жеке кәсіпкер Құдайберген Ізімғали, самбодан ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турнирінің жеңімпазы Жандос Қалабай, «Арабэск» би студиясының жетекшісі Аида Жалғасова және «ДС» Жастар театры өнер мектебінің директоры Дәулет Серікбаевтар шақырылды. Олар бүгінде аудан аумағында жастар саясаты бойынша атқарылған жұмыстар мен өздері шұғылданып жүрген спорт түрлері мен кәсіптері жөнінде кеңінен әңгіме-дүкен құрды.

Бүгінде ұсталықпен айналысып, ұлттық өнерді насихаттап жүрген Ізімғали Құдайберген шеберлік қасиеттің ата-бабасынан дарығанын, мақсаты ұлттық құндылықтарымызды дамыту екенін айтты. Ал ҚР спорт шеберілігіне үміткер Жандос Қалабай өзінің спорттық мансабындағы жоспарларымен бөлісті. «Арабэск» би студиясының жетекшісі Аида Алпамыс өзі тәрбиелеп жатқан жас өнерпаздардың жетістіктерін айтып, мақтанды.

Сұхбат соңы жастардың мерекелік концертімен жалғасты. Е.Жақсылық «Досым жазған», А.Шарапқанова «Сен», И.Бақтыбай «Алашым менің», Данат Мирас «Ғашықтар», Т.Наурызғали «Түнгі лирика», «Көңілді ән», А.Жылқаман мен С.Сәңкібай «Шығыс қызы» әндерін орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. Ал «Халықтық «Алтынзер» бишілер тобы «Не детское время» биімен шашу шашты.

 

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

ЖАРЫҚ АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

Зейнетақы жинағынан ақша алу: Тоқаев жеткілікті шек мерзімін ұзартуды тапсырды

admin_mugalzhar

Елімізде вирусты жойып жіберетін маска шығарыла бастады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.