«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҚАҒАЛИ — МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР

Мұғалжар аудандық мәдениет үйінде аудандық кітапхана мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақтың мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Дара тұлға, ұлышайыр, бір өрен» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш өтті.

Кешке аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина мен аудандық мәдениет саласының қызметкерлері және колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Поэзия кешінің шымылдығы ақынның өмірбаяны көрсетілген «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр» бейнеролигімен ашылды.

Әдеби сазды кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың «Махамбеттер, Абайлар-ай», «Шеше, сен бақыттысың», «Шаршадым, білем», «Бүгін менің туған күнім», «Шыда, шыда», «Үш бақытым», «Өкінбеймін, автограф» өлеңдерін оқушылар орындаса, аудандық кітапханашылар ақын өлеңдеріне образ жасап, «Бесік басында», «Ғашықпын», «Жоқ, дәрігер», «Қарлығашым, келдің бе», «Сені ешкімге бермеймін» атты жүрекжарды шығармаларын сомдады. Ақынның «Бақыт деген» әнін Айгүл Балгарина, «Бір жарық сәуле» әнін Нұрила Мұқанова, «Есіңе мені алғайсың» әнін Халықтық «Қазына» ардагерлер ансамблінің вокал тобы, «Мен деп ойла» әнін Торғын Аққайыр, «Туған өлке» әнін Айгерім Кереева орындап, әннен шашу шашты. Сондай-ақ мұзбалақ ақынға арнап Жолдас Баспаев «Мұқағалиға арнау» өлеңін орындады. Сонымен қатар кеште Мұқағали Мақатаевтың өмірінен «Хатқа жазылған сыр» қойылымы қойылды. Ал ақиық ақынға арналған шара шымылдығы Ислам Бақтыбайдың орындауындағы «Өлмейтіндер» әнімен жабылды.

Ұқсас ақпараттар

АТҚАРЫЛҒАН ІС ТЕ КӨП, АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТ ТА АЗ ЕМЕС

admin_mugalzhar

ЕЛІМІЗДЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕРГЕ QR-КОДЫ БАР КАРТАЛАР БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

ЕМБІ ҚАЛАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН ОҚУШЫЛАР АНЫҚТАЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.