«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Паралимпиада-2020: қазақстандық дзюдошы финалда жеңіліп, күміс медаль алды

Қазақстандық дзюдошы Теміржан Дәулет Токио Олимпиадасының финалында жеңілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

73 келіге дейінгі салмақта Дәулет алтын медальді өзбекстандық Феруз Саидовпен сарапқа салған. Өзбек балуаны иппон ұпайымен жеңді.

Еске салайық, 1/8 финалда Теміржан Дәулеттің қарсыласы әзербайжандық Рамиль Гасимов бозкілемге шықпай, техникалық жеңіліс тіркелген. Ал ширек финалда Дәулет неміс Николай Корнхасты, жартылай финалда грузин Георгий Калданиді жеңген болатын.

Осылайша, Қазақстан қоржынына Токио Паралимпиадасының үшінші медалі түсті. Бұған дейін Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) «алтын», Әнуар Сариев (дзюдо) күміс медаль алған еді.

 

Ұқсас ақпараттар

МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ: ЖҰМЫССЫЗДАР ЖҰМЫС ТАПТЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбелік хоккейші қыздар марапатталды

admin_mugalzhar

Зиба СҰҢҒАТОВА, кәсіпкер: Бұл карантин өзіміз, ұрпағымыз, халқымыз үшін қажет!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.