«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ САЛЫҚҚА БЕРЕЖАҚ

Аудан әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөнінде аудандық үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин төрағалық еткен отырысқа аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары қатысты.

Жиында мүмкіндігі шектеулі жандарды, пробация қызметінің есебінде тұрғандарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарды тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесі кеңінен қаралды.

Ауданның әлжуаз топтарына арналған жұмыс орындарының квотасының орындалуы туралы Жұмыспен қамту орталығының басшысы Ғалым Дәрімбетов баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында 2021 жылы жоспар бойынша пробация қызметі есебінде тұрған 12 адамды 9 мекемеге жұмысқа орналастыру керектігін, бүгінде 5 мекемеге 8 адам жұмысқа орналасқанын айтты. Осы жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 6 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бірақ бүгінгі күнге дейін бұл адамдар тарапынан жұмыс жасауға деген ынтаның жоқтығынан және жұмыс берушілер тарапынан да құлшыныстың болмауынан жоспар орындалмай отыр. Сол себепті учаскелік полицейлердің көмегіне жүгіне отырып, мәселені шешу ұсынылды (бөлінген квота туралы толыққанды ақпарат осы нөмірде жарияланды).

Жиын барысында сөз алған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Жамал Жаханова ауданның әлжуаз топтарын жұмыспен қамту үшін аудан аумағындағы теміржол мекемелеріне де ұсыныс беру керектігін жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин мекеме басшыларына белгіленген жұмыс орындарының квотасының орындалуын ұйымдастыруды тапсырып, белгіленген жоспар орындалмаса, заң жүзінде шара қолданылатынын жеткізді.

Бүгінде аудан аумағындағы ауылдық округтердің тұрғындарының өз көлік құралдары үшін төленетін салыққа берешегі 43 млн теңгені құрайды. Бұл туралы аудандық кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айбол Жұмабаев айтты.

— Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындардан салық берешектерін өндіре алмаймыз. Осы жылдың салықты толық төлеп болу уақыты сәуір айында аяқталды. Салықтың уақытында төленбеуі аудан бюджетіне біршама қиындық келтіреді. 2021 жылдың бітуіне де аз уақыт қалды. Сол себепті берешек толық өтелмесе, біз заңды тұрғыда жұмыс жасайтын боламыз, — деді ол.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

admin_mugalzhar

Тарихта алғаш рет химия саласы бойынша Нобель сыйлығын тек әйелдер алды

admin_mugalzhar

ЖЕМ: ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.