«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Педагог-ассистент қызметі енгізілді

Еліміздегі мектептерде педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда, яғни инклюзивті білім беруде сұранысқа ие. Олар балалардың мектепке тез үйреніп кетуіне көмектеседі.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде 700-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кірісті.
Айта кетелік, аталған ведомствода ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуға қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс атқарылуда.
«Бұл мұғалімді алмастыру деген сөз емес. Педагог-ассистенттердің алдында педагогика мен психология тоғысында ерекше мақсат-міндеттер қо­йылған. Атап айтсақ, балаларды бағыттау, олардың оқу процесіне бейімделулеріне көмектесу. Әңгіме ерекше қа­жет­тілік­те­рі бар балалар туралы бол­ған­дықтан, педагог-ассис­те­нт техникалық қолдау да көр­сете алады. Мәселен, егер бала өз бетінше қозғала алмаса немесе егер балаға дефек­то­­логтің көмегі қажет болса, пе­дагогикалық қолдау қажет. Біз бұл жұмыста белсенділік та­ны­тып жүрген үкіметтік емес ұйымдарға ризашылығымызды білдіреміз», деді Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім ко­митетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
Бұдан басқа педагог-ассистент ерекше білім беру қажет­тілігі бар балаларға арнал­ған жеке білім беру бағ­дар­ла­ма­ларын әзірлеуге қа­тысады. Қажет бол­ған жағ­дайда оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры білім алу­шы­лардың қа­жеттіліктеріне бе­йім­деледі. Олар өткен ма­териалды игеруге ғана емес, сонымен қатар ерекше қа­жеттіліктері бар ба­ла­ның дағ­дыларын дамы­ту динамикасын бақылауға кө­мек­те­седі. Сонымен қатар ерекше бі­лім беру қажеттіліктері бар ба­лалардың қауіпсіздігі мен ден­саулығын сақтау үшін қа­жет­­ті жағдайлардың сақ­тал­уын қа­дағалайды.
Министрлік педагог-ассис­тент­терді басқа да білім беру ұйымдарына қосу, сондай-ақ олардың жұмыс жүктемесін анықтау бойынша жұмыс жүр­гі­зіп жатыр.

Ұқсас ақпараттар

АЛТЫНДЫДА АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛМАҚ

admin_mugalzhar

ЖЕМ ХАЛҚЫ РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

admin_mugalzhar

150-ден астам жұмысшының талабы: Жалақы көтерілсін

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.