«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АСҚАР АҚТІЛЕУ: МАҚСАТЫМ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРГЕ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРУ

«Жерлеспен жүздесу» айдарының кезекті қонағы, «Тілші» медиа қорының жетекшісі, журналист, мұғалжарлық жерлесіміз — Асқар АҚТІЛЕУ. Ол осы уақытқа дейін «Айқын», «Жас қазақ», «Қазақстан теміржолшысы» газеттерінде, «Интерфакс-Қазақстан», «Информбюро», «Newtimes.kz», т.б. ақпарат агенттіктерінде қызмет атқарған. Бүгінде қазақ журналистикасында өз қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген ол АҚШ, Нидерланды Корольдігі елшіліктері және «Интерньюс-Қазақстан» ұйымдарымен серіктестікте жұмыс жасап, түрлі бастамаларды қолға алып, жас журналистерге бағыт-бағдар беріп келеді. Ендеше, жеті өнерді өзіне серік еткен жерлесімізбен онлайн форматта өткен сұхбаттың қысқаша нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

«МҰҒАЛЖАР»: Алдымен өзіңіз туралы өзге емес, өзіңіз айтып өтсеңіз…

— Кіндік қаным тамып, туған жерім Қызылорда облысы Арал ауданы. Алайда 1986 жылы отбасылық жағдайларға байланысты Қандыағаш қаласына қоныс аудардық. Ол кезде менің жасым 5-те болды. Сөйтіп Қандыағаш қаласындағы №1 орта мектептің табалдырығын алғаш аттап, осы мектептен 11 сыныпты бітіріп, үлкен өмірге қадам бастым. Қандыағашта өсіп, білім алғаннан кейін өзімді осы өңірдің тумасымын деп есептеймін. Бұл жерде Мұғалжар өңіріне танымал ұлағатты ұстаздардан білім алдым. Жоғары сыныпта оқып жүргенімде ол кезде «Қандыағаш» аталған қазіргі «Мұғалжар» газетінетүрлі тақырыптаматериалдар жариялап тұратынмын. Орта Азиялық Университетін қызыл дипломмен бітіріп, үздік студенттердің қатарында болдым. Негізгі мамандығым — заңгерлік. Бірақ заңгер болуды қаламадым. Оқу орнын бітіргеннен кейін де мамандығымбойыншажұмысжасамадым. Осы уақытқа дейін радиода, телевидениеде, баспасөз басылымдарында жұмыс жасадым. Бүгінде жеке «Тілші» атты ақпараттықсайташып, оныдамытып, өзімнің жеке жобаларымды жүзеге асырып келетін. Сонымен қатар халықаралық ұйымдарменсеріктестіктежұмысатқарудамын.

«МҰҒАЛЖАР»: Журналистикада жүргесін бізді әрине, алдымен Асқар журналистикаға қалай келді деген сұрақ қызықтырады… Ең алғаш жазған мақалаңыз бен көтерген мәселеңіз есіңізде ме?

— Кішкентай кезімде алғашқы мақалаларым «Балдырған» журналына шығып жүрді. Естеріңізде болса, аталған журналдың сыртқы мұқабасында түрлі тақырыпта сурет салынып тұратын. Балғын қаламгерлер сол суретке қарап отырып, әңгіме жазып, редакцияға жіберетін. Мен де сол суреттерге қарап, өзімше бір нәрселерді шимайлайтынмын. Одан кейінменің шағын әңгімелерім «Ұлан» газетінде басылды. «Ұлан» газетінің редакциясымен жазған мақалаларға кері байланыс жіберіп, қалай жазу керектігін, сөз саптау шеберлігін үйретті. Сөйтіп менің журналистикаға деген қызығушылығым мен жазуға деген шабытым ашылды. Қазіргі «Мұғалжар» газетіне де мектепте өткен мәдени шаралар мен тәрбие сағаттарытуралыақпараттарберіпотыратынмын. Ал журналист ретінде алғашқы мақалам «Алтын орда» және «Біздің Диапазон» газеттерінде жарияланды. Одан кейін «Ақтөбе» радиосында, «Рика» телеарнасында жұмыс жасадым. Бірақ менің басты мақсатым баспасөзде, яғни газетте жұмыс жасау болатын. Содан республикалық «Айқын» газетіне жұмысқа тұрып, алғашқы армандарымның бірі орындалды десем де болады. Осы уақытқа дейін басылымдарда жұмыс жасап келгеніммен, соңғы уақыттары біртебірте интернет журналистикаға ауысып жатырмын.

«МҰҒАЛЖАР»: Сіздің қолға алған бірнеше бастамаларыңыз бен жобаларыңыздың бар екенін білеміз. Соның бірі және бірегейі деседе болады, ол — «Тілші» медиа қоры. Қордың мақсаты, атқаратын жұмысы туралы айтып өтсеңіз.

— «Тілші» медиа қорын әріптесім Алтынай Сағындықова екеуміз құрылтайшы болып құрып, Әділет органдарына тіркеткенбіз. Ол кезде біздің ресурсымыз да, біліміміз де жеткіліксіз болды. Қоғамдық қордың не екенін толыққанды түсінбегендіктен жұмысымыз тұрып қалды. Бізге білім мен тәжірибе, таныс керек болды. Соңғы жылдары ғана қорды қолға алып, халықаралық ұйымдарға шығып, жұмысымызды жандандыра бастадым. Кейбір тараптар өздері шығып, қолдау көрсетті. Біздің негізгі мақсатымыз — Қазақ медиясына атсалысу және дамыту. Сондай-ақ журналистика стандарттарын енгізу. Жас журналистерге бағыт-бағдар беру. Сонымен қатар журналистика туралы негізгі базалық білімдерді беріп, жол көрсетіп жіберу.

«ОҚЫРМАН»: Бүгінде әртүрлі бағытта тренингтер мен семинарлар өткізіп жүрсіздер. Соларға тоқтала кетсеңіз және осы жобалар мен бастамалар, тренингтер мен семинарлар не береді, не үйретеді?

— Бұл біздің алғашқы пилоттық жобамыз. Яғни бір жылдық жоба. Бір жылда 12 семинар өткізуіміз керек деп жоспарлағанбыз. Олардың барлығы да әртүрлі тақырыпта, әртүрлі бағытта болады. Бүгінде семинарларды Батыс Қазақстанның қалаларында екінші мәрте өткізіп жатырмыз. Тренингтерге жалпы классикалық тақырыптарды алмаймыз. Бүгінде қандай мәселе өзекті соны алып, талқылауға тырысамыз. Сол бағытта қалай жұмыс жасау керек, мақала қалай жазылу керек деген сияқты мәселелерді көтереміз. Сонымен қатар ақпарат көздерін қайдан, қалай алу керектігін де үйретеміз. Журналистің құқықтары мен міндеттері туралы айтамыз. Көпке топырақ шашудан аулақпын. Бірақ қазіргі таңда журналистердің көбісінің құқықтық сауаты төмен. Сондықтан да осы бағытта жұмыс жасауды қолға алдық.

«ОҚЫРМАН»: Жалпы блогер деген кім? Журналист пен блогерді шатастырып жатамыз, ендеше, айырмашылығы неде?

— Журналистің өзінің анықтамасы бар. Ол ақпарат жинайды, өңдейде және таратады. Журналисте жауапкершілік көп. Оны белгілі бар заңдармен шектеп тастаған. Олартық қимылдаса, жауапберуге тура келеді. Себебі заң біздің пайдамызға жұмыс жасамайды. Журналистердің қызметінің өзі иә мемлеттікке, иә бюджетке жатпайды. Ал блогерлік туралы нақты түсінік жоқ. Блогер қызықты контент жасай алады. Оларға ешқандай жауапкершілік артылмайды. Бүгінде блогерлердің ықпалы ел билігіне жете бастады. Сол себепті үкімет оларға жағдай жасап немесе қыспаққа алып, оларды өздеріне жұмыс жасауға тартып жатыр. Блогердің материалдары — ақылы. Тапсырыстың иісі аңқып тұрады. Батыс елдерінде блогер болу үшін түрлі сынақтардан өтіп, сертификаттар алады. Оларда блогерлер сараланады. Уақыт өте келе бізде де блогерлер іріктеліп, шектелген статус берілетініне сенемін.

«ОҚЫРМАН»: SMM маманы болу үшін не білу керек?

— SMM мамандығы нақты ережелерімен шектеулері қалыптаспаған, бекімеген заманауи мамандық. Бірақ бұл мамандықты барлық адам меңгеруі керек деп есептеймін. Себебі, оның барлық салада орнымаңызды. SMM маманы болуы үшін ондағы өзгерістер мен алгоритмдерді үнемі оқып, күнделікті бақылап отыру қажет. Себебі SMM ай сайын өзгеріп отырады. Бір ай бұрынғы SMM мен бүгінгі SMM-нің айырмашылығы жермен көктей. Аталған мамандықты меңгертемін деген курстардың қымбаты, арзаны, тегіні деп бөлмей, бәрін оқи беру керек. Ол жерде нақты сызып қойған шеңбер жоқ. Оқырманның ойын оқып, көңілін табу үшін SMM маманы ішкі түйсігіне, жүрек қалауы мен қиялына ерік беріп, олармен байланысты мықтап орнатып алғаны жөн. Мен SMM маманы болып жұмыс жасамасам да, өз жұмысымда әрдайым қолданып отырамын. Осы уақытқа дейінде түрлі курстар оқыдым. Ал қазір бұл мамандықтың қырсырын Ресей елінің SMM мамандарынан оқып жатырмын.

«МҰҒАЛЖАР»: Сізбен сұхбат барысында Tilshi Book жобасы туралы айтпай кетпеуге болмас. Бұл бастама – қазіргі кітап оқуға деген қызығушылықтың төмен деп кеткен уақытында қолға алынған игі бастама екені белгілі. Қызығушылық танытып жатқандардың қарасы көппе?

— Біз бұл жобаны бастаған кезде кітаптарды жинап алуды емес, белгілі топтарға таратуды жоспарладық. Бізге кітап төңірегінде контент, материал жинау керек болды. Біз кітапты ықшамдап, сайтқа салдық. Газеттегі бір бетті койды мобильді тұрғыда телефонға бір минуттық видео етіп түсіріп ұсыну болды. Аудио және элоктронды кітап секілді көрсеткіміз келді. Жоба барысында 2500 дана кітап жиналды. Оларды түрлі тақырыпқа бөліп, ерекшеліктеріне қарай мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қарттар үйіндегі үлкендерге, балалар үйіндегі балаларға таратып бердік. Мұндағы мақсат — кітап арқылы, онда жазылған күш-жігер беретін жүйелі ойлар арқылы адамдарға мотивация беру.

«ОҚЫРМАН»: Туған жеріңізбен қалай мақтанасыз?

— Мен осы уақытқа дейін туған жер туралы «айқайлап» мақтанып көрмеппін. Бірақ үнемі қандай да бір салада жетістікке жетіп, биікті бағындырған жерлестерімді көрсем, оларды мақтан етіп, жетістігіне қуанып, оқырмандарға таныстыруды жөн санаймын. Демек, білімді азаматтар мен жасампаз жастармен мақтанамын!

Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ З.ЕСЕНЖОЛОВ

 

Ұқсас ақпараттар

АТА КӘСІПТЕН АЖЫРАМАҒАН ШАРУА

admin_mugalzhar

УЧИТЕЛЬ, ПЕРЕД ИМЕНЕМ ТВОИМ…

admin_mugalzhar

Олжас ҮРІСТЕМОВ: АҚЫН БОЛУ — АРМАН ҒАНА ЕДІ…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.