«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

НҰРТАС ПЕН АЙДОСТЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСТЕРІ

Жерлестеріміз, Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері Нұртас Әжбенов пен Айдос Медет кәсіпқой бокстағы кезекті жеңістеріне қол жеткізді.
Алматы қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде Нұртас Әжбенов «UBO» тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды. Тәжікстандық Шералы Достиевпен жұдырықтасқан Нұртас қарсыласының алдын орап, кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне жетті.
Нұртас бұған дейін «WBC Asia» белдігінің иегері атанды.

57,1 келі салмақта жұдырықтасқан тағы бір жерлесіміз Айдос Медет өзінің кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісіне қол жеткізді. Оның қарсыласы өзбекстандық Бахыт Абдурахимоа болды. Бұған дейін Айдос кәсіпқой бокста 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіспен аяқтаған болатын.
Нұртас пен Айдостың жаттықтырушысы Аманкелді Усенбаев.

Ұқсас ақпараттар

Аким Актюбинский области Бердибек Сапарбаев посетил ряд объектов Мугалжарского района

admin_mugalzhar

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 қыркүйекте қандай спорт түрлерінен сайыстар өтеді

admin_mugalzhar

Футзалдан Қазақстан құрамасы ФИФА-дан арнайы жүлде алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.