«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда утильалымға байланысты бірыңғай оператор пайда болады

Қазақстанда утильалыммен айналысатын бірыңғай оператор пайда болады, коэффициенттер де қайта қаралады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

«2016 жылдан бүгінге дейінгі кезеңде утильалым төлемі түрінде түскен қаражат көлемі 691,9 млрд теңгені құрады. Алынған қаражат Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес қатаң түрде игерілді. Атап айтқанда, утильалым түрінде төленген 338,9 млрд теңге қаражат отандық автокөлік өндірушілерге қайтарылды, экологиялық мәселелерді шешуге 102 млрд теңге жұмсалды және салыққа 49,1 млрд теңге төленді», — деді министр үкімет отырысында.

Басқарма басшысының айтуынша, қалған қаражат – 220,6 млрд теңге екінші деңгейлі банктерде сақтаулы. Брекешев атап өткендей, департамент жеке мемлекеттік оператор құру мәселесін пысықтайтын болады.

«Министрлік қоғам, бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесе отырып, жеке мемлекеттік операторды немесе индустриялық даму қоры негізінде құру, пайдалану коэффициенттерін қайта қарау, сондай-ақ, отандық КО мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға ваучерлер ұсыну бойынша мәселені пысықтайтын болады», — деді Брекешев.

«Оператор РОП» ЖШС Үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен Экологиялық кодекстің 387-бабына сәйкес құрылған.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда утильалым төлемін әкімшілендіруді тоқтатуды тапсырған болатын.

«Оператор РОП» деп аталатын компанияның жұмысына қатысты сұрақ көп. Тіпті, оның қызметіне қарсы бір қоғамдық қозғалыс құрылғаны да белгілі болды. Мен үкіметке «Оператор РОП» компаниясының утильалымдар алуын және утильалымдарға қатысты қызметін тоқтату туралы тапсырма беремін. Бұл жұмысты шетелдегідей мемлекекеттік орган атқаруы керек. Ал алымдардың құнына келсек, ол қайта қаралуы керек», — деді Тоқаев.

Утилизациялық алымдарын өзіне келетін болсақ, олардың мөлшерлемелерін қайта қарау керек, деді Мемлекет басшысы.

massaget.kz

Ұқсас ақпараттар

КІТАПХАНАДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК КІМГЕ БЕРІЛЕДІ?

admin_mugalzhar

Қазақстандық оқушылар 1 наурыздан бастап қалай оқиды? Білім және ғылым министрлігі түсіндірді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.